Меню

Страницы

Статья

Онлайн кезекке тапсырыс беріңіз

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, еске салады:

Мемлекеттік кірістер басқармасында бару қажет болса, оны алдын-ала жоспарлап, электронды кезекті онлайн брондауға болады. Сол кезде кезекте тұрмай, өз уақытыңызды үнемдейсіз.

Онлайн брондауды 2 әдіспен жасауға болады.

Бірінші әдіс. Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz ресми сайты арқылы.

Сайтта бастапқы парақшасында «Электронды сервистер» батырмасына өтіп, «Кезекті онлайн брондау» батырмасын таңдау қажет. Одан әрі қарай ЖСН/БСН енгізіп, аймақты таңдап, қызмет түрі мен келу күнін және уақытын таңдап, электронды пошта мекен-жайын көрсету керек. Онан соң көрсетілген электронды поштаға хабарлама түрінде электронды кезек коды келіп түседі.

Екінші әдіс. «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы.

Ол үшін жеке тұлға мобильді қосымшаны ұялы телефонына жүктеу қажет (Play Market, App Store арқылы жүктеуге болады). Орнатылғаннан кейін жеке телефон нөмірі арқылы тіркелу қажет. Сонан соң «Электронды сервистер» батырмасына өтіп, «Кезекті онлайн брондау» батырмасын таңдау қажет. Содан кейін ЖСН енгізіп, аймақты таңдап, қызмет түрі мен келу күнін және уақытын таңдап, электронды пошта мекен-жайын көрсету керек. Онан соң көрсетілген электронды поштаға хабарлама түрінде электронды кезек коды келіп түседі.

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Дата публикации
26 октября 2021
Дата обновления
26 октября 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы