Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер баскармасы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялау бойынша кезнң-кезеңмен көшу басталғанын еске салады.
Бірінші сатыда – 2021 жылдың 01 қаңтарынан жалпыға бірдей декларациялау аясында декларацияны ұсынады:
Жауапты мемлекеттік лауазым тұғалар, және олардың жұбайлары;
Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғалар, және олардың жұбайлары;
Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға теңестірілген тұлғалар, және олардың жұбайлары;
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес ұсыну міндеті жүктелген тұлғалардекларация тапсырады.
Екінші сатыда – 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері үшін және олардың жұбайлары, сонымен қатар квазимемлекеттік секторының және олардың жұбайлары үшін декларациялау;
Үшінші сатыда – 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап басшылар және заңды тұлғалардың құрылтайшылары мен олардың жұбайлары үшін декларациялау;
Төртінші сатыда – 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтардың қалған категорияларын декларациялау.
Жалпыға бірдей декларациялаудың енгізілуіне және активтер мен міндеттемелер туралы декларацияның (250.00 СЕН) ұсынылуына байланысты мүліктік кірістер туралы декларацияны (230.00 СЕН) ұсыну жөніндегі талаптар 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатылады.