Меню

Страницы

Статья

Тәуекел дәрежесінің өлшем шарттары

Қостанай қаласы бойынша  Мемлекеттік кірістер басқармасы тәуекел дәрежесінің өлшем шарттары бойынша мыналарды түсіндіреді:

Салық төлеушілерді (салық агенттерін) бағалау және тәуекел дәрежелері бойынша оларды кейіннен санаттарға бөлу жүргізілетін белгілер жиынтығы тәуекелдер дәрежесінің өлшемшарттары болып табылады. Тәуекелдер дәрежесінің өлшемшарттары, мынадай өлшемшарттарды:

салықтық жүктемені;

бір жұмыскердің орташа айлық жалақысын;

салықтық есептілікте көрсетілетін шығыстар мен кірістер сомасын;

қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған, оның ішінде таратылған, әрекетсіз, банкрот болған тұлғалармен өзара есеп айырысуы бар салық төлеушілермен мәмілелерді;

салықтық есептілікте бірнеше салықтық кезең бойындағы залалдарды көрсетуді;

бұрын ұсынылған салықтық есептілікке бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізуді;

камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды;

арнаулы салық режимдерін қолдану құқығын беретін, осы Кодексте белгіленген көрсеткіштердің шекті мәніне бірнеше рет жақындауды;

тәуекел дәрежесін төмендетуі мүмкін өлшемшартты;

уәкілетті орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітетін өлшемшарттарды;

      қосылған құн салығының асып кету сомасының анықтығын растау мақсатындағы өлшемшартты қоспағанда, құпия ақпарат болып табылады.

       Тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын және тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін қосылған құн салығының асып кету сомасының анықтығын растау мақсатында уәкілетті орган айқындайды.

      Осы баптың 2-тармағын қоспағанда, құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін уәкілетті орган айқындайды және онда, соның ішінде мынадай ақпарат:

  • тәуекел дәрежесінің өлшемшарттары бойынша көрсеткіштер;
  • салық төлеушілерге санаттарға бөлу нәтижелері туралы ақпарат беру тәртібі және мерзімдері;
  • салық төлеушінің қызметі тиісті тәуекел дәрежесіне жатқызылған өлшемшарттар туралы осындай салық төлеушіге ақпарат беру тәртібі және мерзімдері;
  • салық төлеушілердің тәуекел дәрежесі туралы ақпартты жаңартып отырудың кезеңділігі қамтылады.

 Қостанай қаласы бойынша мемлекетік кірістер басқармасы

Дата публикации
13 октября 2021
Дата обновления
13 октября 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы