Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салықоргандарының негізгі міндеті салықтардың және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету болып табылатынын хабарлайды.
Салық міндеттемесін орындауды салық төлеуші дербес жүзеге асырады.
Белгіленген мерзімдер орындалмаған жағдайда, салық төлеушіге(салық агентіне) салық міндеттемесін орындау жөнінде хабарлама жіберуге міндетті.
Хабарламада белгіленген салық міндеттемесін орындау мерзімі бойынша орындалмаған жағдайда мэжбүрлеп өндеріп алу шаралары қолданылады.
Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға немесе деңгейлес мониторинг нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасау жағдайларынан басқа, салық органдары салық төлеуші – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның салықтық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады.
Салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану тәуекелдерді басқару жүйесінің нәтижелері ескеріле отырып жүргізіледі.
Мәжбүрлеп өндiрiп алу шараларын қолдану басталғанға дейiн тәуекел деңгейлері орташа және жоғары салық төлеушiге, осы баптың 4-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама жiберiледi.
Салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану салық төлеушіде салықтық берешек түзілген күні немесе салық төлеуші тәуекел деңгейі төмен санаттан тәуекел деңгейі орташа немесе жоғары санатқа өткен күні салық төлеуші жатқызылған тәуекел деңгейіне байланысты, осы тарауда көзделген мерзімдерде жүзеге асырылады.
Салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу мынадай тәртіппен:
- банктік шоттардағы ақша есебінен;
- дебиторлар шоттарынан;
- билік ету шектелген мүлікті өткізу есебінен;
- жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару түрінде жүргiзiледi.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы