Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мемлекеттік қызметшілер арасында Жалпыға бірдей декларациялауды кезең-кезеңмен енгізуге қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Көлеңкелі экономиканың мөлшерін азайту мақсатында жеке тұлғалардың кірістеріне салық салуды жан-жақты әкімшілендіру міндетін шешудің маңызды шарты халықтың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау болып табылады.
Жалпыға бірдей декларациялауға көшудің мақсаты көлеңкелі экономикамен және сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресу үшін жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін тиімді бақылау жүйесін құру болып табылады.
Салық Кодексінде жалпыға бірдей декларациялауды төрт кезеңмен жүзеге асыру қарастырылған.
Бірінші сатыда – 2021 жылдың 01 қаңтарынан жалпыға бірдей декларациялау аясында декларацияны ұсынады:
Жауапты мемлекеттік лауазым тұғалар, және олардың жұбайлары;
Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғалар, және олардың жұбайлары;
Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға теңестірілген тұлғалар, және олардың жұбайлары;
Екінші сатыда – 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері үшін және олардың жұбайлары, сонымен қатар квазимемлекеттік секторының және олардың жұбайлары үшін декларациялау;
Үшінші сатыда – 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап басшылар және заңды тұлғалардың құрылтайшылары мен олардың жұбайлары үшін декларациялау;
Төртінші сатыда – 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтардың қалған категорияларын декларациялау.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы