Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы хабарлайды.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары мен жеке сот орындаушысы және де құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен жүргізілген рейд бойынша, салық қарызын өндіру жұмыстары жүргізілді. Рейд іс-шарасының нәтижесінде эвакуатор шақыру барсында екі салық төлеуші қарыздарын өтеді, салық мөлшері 211567 теңгені құрайды. Және де тұрмыстық техниканы тәркілеу жұмыстары жүргізілді, салық төлеушіден микротолқынды пеш салық қарызының өтемі ретінде тәркіленді.
24.02.2020ж-дан бастан 11 салық бұйрығы орындалды. Салық мөлшері 371914теңгені құрады. Осындай іс-шаралар тұрақты жүргізілуде.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы