Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, хабарлайды:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 166-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын (бұдан әрі-онлайн БКМ) міндетті түрде қолдану қажет.
Салық кодексінің 166-бабы 1-тармағының ережесі: жеке тұлғалардың; жеке сот орындаушыларының; адвокаттар мен медиаторлардың; уәкілетті органмен келісу бойынша көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша билеттер бере отырып, қалалық қоғамдық көлікте тасымалдау жөніндегі халыққа көрсетілетін қызметтерге; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің; қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілердің; ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желілері жоқ жерлерде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысуларды қоспағанда және Ұлттық почта операторы.
Салық кодексінің 166-бабының 5-тармағына сәйкес бақылау-касса машиналарын қолдану кезінде мынадай талаптар қойылады: ақшалай есеп айырысуларға байланысты қызмет басталғанға дейін бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою жүзеге асырылады; тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет үшін төленген сомаға бақылау-касса машинасының чегін немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады; салық органдарының лауазымды адамдарының бақылау-касса машинасына қолжетімділігі қамтамасыз етіледі. Салық кодексінің 166-бабының 6-тармағына сәйкес бақылау-касса машинасының чегінде мынадай ақпарат болуға тиіс: салық төлеушінің атауы; Салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі; бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірі; бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірі; чектің реттік нөмірі; күні мен уақыты
Салық кодексінің 166-бабының 6-тармағына сәйкес бақылау-касса машинасының чегінде мынадай ақпарат болуға тиіс: салық төлеушінің атауы; Салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі; бақылау - касса машинасының зауыттық нөмірі; салық органындағы бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірі; чектің реттік нөмірі; тауарларды сатып алудың, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің жасалған күні мен уақыты; тауардың, жұмыстың, бір бірлігі үшін көрсетілетін қызметтің бағасы; фискалдық белгі; деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау - касса машиналарының бақылау чегінің төлнұсқалығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауы және жалпы сомасы; егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда-тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдарға қосылған құнға салынатын салықтар бойынша ставканы көрсете отырып, қосылған құн салығының сомасы; бақылау-касса машинасын пайдалану орнының мекенжайы; бақылау-касса машинасының чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих код.
БКМ қолдану бойынша міндеттемелер жүктелген тұлғалардың онлайн-БКМ қолданбауы "әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 284-бабы бойынша ескерту түрінде, ал айыппұл салуды қайталап бұзған жағдайда жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - 15, орта кәсіпкерлік субъектілеріне-30, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексінің 22-бабы 14) тармақшасымен толтырылады, сонымен көлеңкелі экономикаға қарсы күресте қоғамдық бақылау мақсатында төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған бақылау-касса машинасын және жабдықты (құрылғыны) қолдануды бұзу фактілері туралы хабарлаған адамға осындай факт расталған жағдайда сыйақы көзделген. Сыйақы беру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы