Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, хабарлайды:
«Салық әмияны» «e –Salyk Azamat » қасымшасында жүзеге асырылған , ол уақытты үнемдеп қана қоймай, дұрыс төлемдер мен негізсіз өсімпұлдарды жоққа шығарады, сондай-ақ салық төлеу кезінде банк комиссияларына жұмсалатын шығыстарды азайтады.
«Е –Salyk Azamat » мобильді қосымшасы танымал болып келеді және 676,5 мың азамат осы қосымшаны пайдаланады. Есептілікті тапсыруды жеңілдету, жеке тұлғаларға салық төлеуді және пандемия кезіңінде салық оргнадарына кіруді азайту үшін « Салық әмияны» функционалы бар «Е –Salyk Azamat » мобильді қосымшасы әзірленеді.
Функционал бюджетке төлемдерді автоматты түрде таратуға мүмкіндік береді. Жеке тұлғалардың «Салық әмиянын» толықтыру жолымен салықтарды баламалы төлеу мүмкінгі бар.
«Салық әмияны» сервисінің артықшылықтары оны пайдаланудың оң динамикасымен расталады. «Е –Salyk Azamat » мобильдік қосымшасын еңгізу кезіңінде 106,3 млн.теңге сомасына 94,5 мың пайдаланушы « Салық әмиянын» толықтырады. Бір аптада орташа алғанда салық әмиянын толтыруды жеке тұлғалар 3,0 млн. теңгеден астам сомаға жүргізеді.
«Артық төлеу басқармасы» сервисін 617,5 млн.ү теңге сомасына 16,5 мың пайдаланушы пайдаланады.
Сондай-ақ , мобильді қосымша арқылы азаматтар қарыздың сомасын көріп, салық төлеуді онлайн жүзеге асыра алады. Бұдан басқа, қосымшада 2021 жылғы 1 қазанда төленетін мүлік пен жер салығы бойынша алдағы төлемдер туралы ақпарат қол жетімді.
«Е –Salyk Azamat» мобильдік қосымшасындағы іске асырылған «қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу» қызметі қызметкерге есептелген жеке табыс салығының, зейнетақы жарналарының, міндетті әлеуметтік аударымдар мен медециналық сақтандыруға әлеуметтік аударымдардың сомасын қарауға мүмкіндік береді. Бағдарлама App Store және Play Market бағдарламаларында қол жетімді.
Қостанай қаласы бойынша мемлекетік кірістер басқармасы