Меню

Страницы

Статья

Шошқаның африкалық обасы- алдын алу шаралары

Африка обасы –қолайсыз аумақтағы барлық шошқаларды жою және ветеринариялық-санитариялық және карантиндік іс-шараларды жүргізетінэкономикалықшығындардан тұратын үлкен зиян келтіретін аса қауіпті жұқпалы шошқа ауруы.

Жыл мезгілінеқарамастан барлық тұқымдағыжәне жастағы үй шошқалары ауырады. Жануарлардыңбасқа түрлеріне, сондай-ақ адамдарға вирусжұқпайды. Осы ауруға қарсы арнайы емдік сарысу және алдын-алу вакцинасы жоқ.

Өткен жылы бұл аса қауіпті жұқпалы індет Ресей Федерациясының шекаралас аудандарында тіркелген болатын.

Ауру жануарлармен тікелей байланыста болған кезде, вирус жұққаназық, төсеніш, шошқаның зарарсыздандырылмаған еті мен ет өнімдері, тамақ кәсіпорындарының қалдықтары, жануарларды тасымалдау кезінде көлік құралдары, сондай-ақ қызмет жасайтын персонал арқылы жұғады. Вирустың тасымалдаушылары қан сорғыш жәндіктер болуы мүмкін.

Ауру алғаш пайда болған кезде аурушаңдығы мен өлімі 100%-ғажақындайды.

Жануарларда ауру өте қатты және өткір өтуі кезінде дене қызуы 41-42°Сдейін көтеріледі.Дененің әртүрлі бөліктерінің терісінде, әсіресе іштің маңайында, шаптың беттерінде күлгін-қызыл дақтар, қанталау және гематомалар пайда болады.

Жануарлардың көпшілігінде пневмония, өкпе қабынуы және гастроэнтерит белгілері байқалады. Аурудың айқын клиникалық белгілерінсіз кенеттен өліп кету жағдайлары болуы мүмкін.

Біздің республикада шошқаның африкалық обасы тіркелмегенін ескере отырып, шошқа өсірумен айналысатын жеке тұлғалар мен шаруашылық жүргізуші субъектілер аурудың ел аумағына әкелінуіне жол бермеу бойынша қатаң іс-шаралар жүргізуі қажет.

Шошқаның африкалық обасы вирусының әкелінуін болдырмау мақсатында:

1) шошқаның африкалық обасы бойынша қолайсыз елдерден үй және жабайы жануарларды, олардың сойылған өнімдерін және барлық түрдегі азықтарды әкелуге;

2) Қазақстан Республикасына келе жатқан көлік құралдарының иелері Қазақстан Республикасы аумағына шошқаның африкалық обасы бойынша қолайсыз мемлекеттерде сатып алынған жануарлар мен олардың тамаққа қолданылатын ет өнімдерін (консервілерден басқа) жеткізуге жол берілмейді.

Алдын алу мақсатында жануарлардың иелері:

- жануарларды өз бетінше немесе ветеринария дәрігерлерінің көмегімен күнделікті тексеруді;

- белгіленбеген сауда орындарында шығу тегі белгісіз жемшөп пен жемшөп қоспаларын сатып алмауды;

- шошқаларды сойғаннан кейін алынған қалдықтармен жәнетамақ қалдықтарыменжануарлардыазықтандыруды, қалдықтарды белгіленген орындарда жоюды;

- кеміргіштермен күрес жүргізуді;

- бөгде адамдардың жеке аулаларға баруына жол бермеуді жүзеге асыру қажет.

Сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар ветеринариялық қызметке хабарлауға міндетті:

- жаңадан сатып алынған жануар, алынған төл, оның (олардың) сойылғаны және өткізілгені туралы;

- өлім жағдайлары, бірнеше жануарлардың бір мезгілде ауруы немесе олардың өзін қалыптан тыс ұстауы туралы;

-жануарларды союдың алдында ветеринариялық тексерусіз және сойғаннан кейін ұшалары мен мүшелеріне ветеринариялық-санитариялық сараптамасыз өткізу мақсатында союға жол бермеуі керек.

«Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ

Дата публикации
02 августа 2021
Дата обновления
02 августа 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы