Ел азаматтарына арналған «e-Salyq Azamat» ақысыз мобильді қосымшасын іске қосты.
Бұл мобильді қосымшада жеке тұлғалардың салық міндеттемелерін орындауға арналған әртүрлі қызметтер бар, мысалы:
E-salyq Azamat» мобильді қосымшасында артық төлемді басқару сервисі іске асырылды.
Атап айтқанда, ол бір салықтан артық төлемді басқа салықтарға аудару арқылы жүзеге асырылады, сонымен қатар қаражатты банктік шотқа қайтаруға болады.
«E-salyq Azamat» мобильді қосымшасының «Артық төлем» салымында салық төлеушінің қандай салықтар бойынша артық төлем жасалғаны және артық төлеммен қандай іс - әрекеттерді жүргізгісі келетіні - не басқа салықтарға есепке жатқызатыны, не өзінің банктік шотына қайтаратыны көрсетіледі. Ол үшін шоттың деректемелерін, банкті және қайтару жүргізу үшін соманы көрсету қажет.
«e-Salyq Azamat» қосымшасын «App Store» немесе «Play Market»-тен жүктеуге болады.
Толығырақ ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан немесе «1414» нөмеріне хабарласу арқылы алуға болады.
Қостанай қаласы бойынша мемлекетік кірістер басқармасы