Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Салық Кодексінің 632-бапқа сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру мерзімдері келесі мерзімінде тапсырылады:
1) қағаз жеткізгіште тапсырылған жағдайда – декларацияны тапсыру міндеттемесі туындаған ағымдағы жылдың 15 шілдесінен кешіктірілмей;
2) электрондық түрде тапсырылған жағдайда – декларацияны тапсыру міндеттемесі туындаған ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей тұрғылықты (болу) жері бойынша тапсырылады.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру мерзімдері бөлігінде осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері:
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сайланбалы лауазымдарға кандидаттар;
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары болуға ниет білдірген тұлғалар ретінде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыратын тұлғаларға қолданылмайды.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы