Меню

Страницы

Статья

Жалпыға бірдей декларациялау кезеңдері

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы «Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы  25 желтоқсандағы № 121-VI ҚРЗ Заңыны  45-1-бабы негізінде Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау 4 кезеңде енгізіледі.

          1-кезең - 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап:

           - жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

          - мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

          - мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

          - «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларацияны табыс ету міндеті жүктелген тұлғалар.

           2-кезең - 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап:

          - мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т. б. салаларын қоса алғанда) және олардың жұбайлары; квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары;

3-кезең - 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:

- заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары; дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары;

4-кезең-2025 жылғы 1 қаңтардан бастап:

-  азаматтардың қалған санаттары.

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Дата публикации
22 июня 2021
Дата обновления
22 июня 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы