Меню

Страницы

Статья

«АУКЦИОН» Қостанай қаласының әкімдігі

«АУКЦИОН»

Қостанай қаласының әкімдігі

Жер учаскесіне 6 жыл мерзімге жалдау құқығын сату жөніндегі аукцион өткізеді, саны – 5 лот.

Аукцион Қостанай қаласы, Қайырбеков көшесі, 75 мекенжайы бойынша, «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ ғимаратында өтеді.

Аукционды өткізу әдісі – ағылшын, бағаның өсу қадамы –  жер учаскесін жалдау құқығының бастапқы (ағымдағы) бағасынан 5%. Аукцион жеңімпазына жерге орналастыру құжаттамасын дайындау және БАҚ-та жариялау үшін Қостанай қаласы әкімдігінің ақы төлеу жөніндегі міндеті де жүктеледі.

лот  №

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Жер учаскесінің алаңы (гектар)

Жер учаскесін жалдау құқығын сатып алудың бастапқы бағасы (теңге)

Кепілдік жарнаның мөлшері (теңге)

Жалдау ақысының сомасы

(теңге)

Аукционды өткізу күні

Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні

1

Карбышева көш., 42/1

АБК салу үшін

0,4069 га

8 006 368

400 318

36 993

02.07.21 ж.

сағат 10.00

сағат 10.00 дейін

01.07.21 ж.

2

ТК «Кроликовод» 180,181,182,183,184,185,280,281,282,283,284,285

12 гараж салу үшін

0,0729 га

1 434 417

145 850

6 628

02.07.21 ж.

сағат 10.00

сағат 10.00 дейін

01.07.21 ж.

3

Солтүстік өнеркәсіптік аймақ, 19 жер тілімі

Дәнді бұршақты дақылдарды тазалау және сұрыптау және өндеу цехын  салу үшін

1,12 га

19 757 920

987 896

91 291

02.07.21 ж.

сағат 10.00

сағат 10.00 дейін

01.07.21 ж.

4

Солтүстік өнеркәсіптік аймақ, 7 жер тілімі

Шұжық цехы мен жартылай фабрикаттар өндіретін цех салу үшін

     0,2358 га

4 159 747

207 987

19 220

02.07.21 ж.

сағат 10.00

сағат 10.00 дейін

01.07.21 ж.

5

Амангельды т.ү.а, Абай көш, 11 В

дәріхана салу үшін

0,0112 га

243 174

145 850

1 124

02.07.21 ж.

сағат 10.00

сағат 10.00 дейін

01.07.21 ж.

Кепілдік жарна депозиттік шотқа енгізіледі:

ЖСК KZ070705034630502006, БСК KKMFKZ2A, БСН 050140006635, «ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» РММ, алушы – «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ Коды 12.

Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысулар сатушы мен сатып алушы арасында жүргізіледі, бұл ретте сатып алушы есеп айырысуларды мынадай тәртіппен жүргізеді:

1) аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап бес банктік күннен кешіктірілмейтін мерзімде, аукцион барысында белгіленген бағаның елу пайызы мөлшерінде енгізіледі. Кепілдік жарна тиесілі аванстық төлем есебіне есептеледі;

2) қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей енгізіледі.

Жыл сайынғы жалдау ақысы жер салығының базалық ставкаларына қолданылатын түзетуді ескере отырып есептелетін жер салығының 100% мөлшерінде белгіленеді.

Жер учаскелеріне жалдау құқығын сату шарттары: Міндетті түрде нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану, санитариялық, өртке қарсы, ветеринариялық, экологиялық талаптарды, қауіпсіздік қағидаларын, сауда туралы заңнаманы, заңнамада белгіленген басқа да нормалар мен қағидаларды сақтау.

Сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер Қостанай қаласы, Қайырбеков көшесі, 75 мекенжайы бойынша ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап және 2020 жылғы 21 желтоқсанға дейін сағат 10-00 дейін қабылданады.

Аукционға қатысушының билетін аукцион нөміріне айырбастау Қостанай қаласы, Қайырбеков көшесі, 75 мекенжайы бойынша, «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ аукцион басталғанға дейінгі 1 сағат ішінде жүргізілетін болады.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін ұсынылуы қажет:

1) аукционға қатысуға өтінім;

2) кепілдік жарнаның енгізілгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі;

3) өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат;

Көшірмелердің дұрыстығын растау үшін салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар ұсынылады.

Анықтама телефоны: 54-47-48

 

Дата публикации
16 июня 2021
Дата обновления
16 июня 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы