Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, хабарлайды:
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 166-бабының 1- тармағына сәйкес жалпы ережелер аумағында жалпыға бірдей пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерді қоспағанда, ақшалай есеп айырысулар, моделі мемлекеттік тізілімге енгізілген деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын мiндеттi түрде қолдану арқылы жүргiзiледi.
Осы баптың 1-тармағының ережелері ақшалай есеп айырысуларға қолданылмайды.
1) жеке адамдардың;
2) адвокаттық қызметті, медиация тәртібімен дауларды реттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың;
3) уәкілетті органмен келісу бойынша көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша билеттерді бере отырып, қоғамдық қала көліктерінде тасымалдау бойынша халыққа қызмет көрсететіндер бөлігіндегі;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің;
5) қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілердің ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды.
Осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген деректер беру функциялары жоқ бақылау-касса машиналарын қолданады.
Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылады.
Өз кезегінде, ҚР Салық кодексінің 166 – бабының 6- тармағы, бақылау-касса машинасының чегі мынадай ақпаратты:
1) салық төлеушінің атауын;
2) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін;
3) бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірін;
4) бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірін;
5) чектің реттік нөмірін;
6) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жасалған күн мен уақытты;
7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағасын;
8) фискалдық белгіні;
9) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының бақылау чегінің төлнұсқалығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауын және фискалдық деректер операторы интернет-ресурсының деректемелерін;
10) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауын;
11) сатып алынатын тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің санын, олардың өлшем бірлігін;
12) тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасын;
13) егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылса – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізу бойынша, қосылған құн салығы салынатын айналымдар жөніндегі мөлшерлемені көрсете отырып, қосылған құн салығының сомасын;
14) бақылау-касса машинасы пайдаланылатын жердің мекенжайын;
15) бақылау-касса машинасының чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих кодты қамтуға тиіс.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 9) және 15) тармақшаларының ережелері деректер беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарының чектеріне қолданылмайды.
Бұл ретте таурлардың /жұмыстардың/ көртсетілетін қызметтердің бырыңғай номенклатурасы мен өлшеу классификаторы белгіленбегенін ескере отырып фармацефтикалық таурларды өткізетіндерді қоспағанда, салық төлеулшлірдің тауарлардың жеке номенклатурасын және олардың өлшем бірліктерін пайдалануға, сондай – ақ дербес немесе БКМ техникалық қызмет көрсету орталығы арқылы арқылы жоғарыда көрстеілген талаптарды БКМ-ға енгізу мүмкіндігі бар. Фармацефтикалық тауарларды өткізетін тұлғаларға бекітілген заттардың атауын пайдалану қажет.
Салық кодексінінң талаптарына сәйкес онлайн –БКМ баспа чектерін жүргізу қажеттілігі туралы хабарлаймыз.
Бақылау – касса машиналарын қолдану тәртібінінң бұзғаны үшін ҚРӘқҚ-нің 284 бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылады.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы