ДК ретінде тіркеу есебіне қою үшін жеке тұлға «Е-лицензиялау» порталы арқылы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен салық органына хабарлама жолдайды.
ДК ретінде қызметтің басталуы туралы хабарламаны екі тәсілмен:
Қазақстан Республикасының Электрондық лицензиялау порталы арқылы электронды нысанда («Е-лицензиялау» порталы);
- Қызмет көрсету орталықтары не«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы қағаз тасымалдағышта келу тәртібіменжолдауға болады.
ДК тіркеу деректерін өзгерту:
ДКоның тіркеу деректерін және (немесе) бірлескен кәсіпкерлікке қатысушылар (мүшелер) туралы деректерді өзгерткен күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына хабарлама беруге міндетті.
Тіркеу деректерінөзгертуді салық органы тіркеу деректерін өзгерту үшін ұсынылған хабарлама алған күннен кейінгі 1 жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Қызметті тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда, ДК бір мезгілде орналасқан жері бойынша салық органына (СК-нің 66-бабы):
- қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті;
- рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны, мұндай есепке алу болған кезде;
- таратудың салық есептілігін;
- Салық кодексінің 169-бабында айқындалған тәртіпте бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті (болған кезде)ұсынады.
Бұл ретте,ДК бір мезгілдемынадай шарттарға сәйкес келуітиіс:
1) ҚҚС төлеушісі болмауы;
2) салықтық тексерулер жоспарына немесе тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері бойынша таңдамалы салықтық тексерулердің тізіміне енгізілмеген не тәуекел дәрежесін бағалаунегізіндесалықтық тексерулердің ерекше тәртіп бойынша жүргізілген салықтық тексерулердің жарты жылдық кестесіне енгізілмеген болуы;
*Бұл ереже Салық кодексінің 48-бабында белгіленген талап қою мерзімі ішіндеСалық кодексінің 66-бабының1-тармағында айқындалған шарттарға сәйкес келетін ДК-ға, сондай-ақ ДК ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап уақыт кезеңі Салық кодексінің 48-бабында белгіленген талап қою мерзімінен аз болған ДК-ға қатысты қолданылады (3 жыл).
ДКмынадай құжаттардың бірі (СК 67-бабы) негізінде Салық кодексінің 95-бабында белгіленген камералдық бақылауды жүргізбестен қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтатады:
- қызметті тоқтату туралы салық төлеушінің салықтықөтініші;
- СК-нің 85-бабы 5-тармағында көзделген жағдайларда, салықтық есептілікті ұсынуды немесе патент құнын есептеудітоқтата тұру (ұзарту, жаңарту) туралы салықтық өтініште жазылған жазбаша келісімі.
Бұл ретте,ДК бір мезгілдемынадай шарттарға сәйкес келуітиіс:
1) ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмауы;
2) бірлескен кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асырмауы;
3) Салық кодексінің 88-бабы 1-тармағында көрсетілген қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асырмауы;
4) салықтық тексерулер жоспарынданемесе тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері бойынша таңдамалы салықтық тексерулердің тізіміндеболмауы не тәуекел дәрежесін бағалау негізінде салықтық тексерулердің ерекше тәртіп бойынша жүргізілген салықтық тексерулердің жарты жылдық кестесінде болмауы;
5) салық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі болмауы;
6) тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекелдердің жоғары деңгейінің болмауы.
Егер ДК жоғарыда аталған шарттарға сәйкес келмесе, онда қызметті тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда, бір мезгілде орналасқан жері бойынша салық органына (СК-нің 65-бабы):
- салықтық тексеруді жүргізу туралы салықтық өтінішті;
- таратудың салық есептілігін ұсынады.
ДК мәртебесі www.kgd.gov.kz веб-сайтында «Салық төлеушілерді іздеу» салымының электрондықсервистерінде орналастырылады.
Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы