АСР таңдауды, оны қолдану шарттарына сәйкес болған кезде жүзеге асырады:
Жаңаданқұрылған ДК-ні қоспағанда, оңайлатылған декларация негізінде басқа режимдерден АСР-ге ауысқан кезде салық төлеушілер орналасқан жері бойынша салық органына қолданылатын салық режимі туралы хабарлама ұсынады.
Салық төлеушілер қолдану шарттарына сәйкес келген кезде – салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібінен, патент негізіндегі АСР-дан немесе шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған АСР-даноңайлатылған декларация негізіндегі АСР-ға, көшуге құқылы.
Оңайлатылған декларация
негізінде салықтықміндеттемелерді орындау
Салық кезеңінде алынған табыс сомасы айқындалады. Мұндай табыстың сомасына 3% мөлшеріндегі мөлшерлеме қолданылады (есептелген соманың ½ бөлігі - ЖТС (КТС), ½ бөлігі - әлеуметтік аударымдар сомасы шегеріле отырып төленуге жататын әлеуметтік салық).
Әлеуметтік төлемдер «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес есептеледі.
Әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтік салық сомасы нөлге тең деп есептеледі.
Егер есепті кезеңнің қорытындылары бойынша жұмыскерлердің орташа айлық жалақысы ДК-да кемінде 23 еселенген, ЗТ-да кемінде 29 еселенген айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерін құраса, салықтардың есептелген сомалары жұмыскерлердің орташа тізімдік санын негізге ала отырып, әрбір жұмыскер үшін салық сомасының 1,5%-ы мөлшеріндегі сомаға азайту жағына түзетуге жатады.
Салық төлеуші белгіленген талаптарға сәйкес үш компонентті интеграцияланған жүйені (ҮИЖ) орнатқан күнтізбелік жылдың екінші жартыжылдығы үшін оңайлатылған декларацияда есептелген ЖТС сомасы осы салық төлеушінің 60 000 теңгеге төмендеуі жағына түзетуге жатады, бірақ осындай күнтізбелік жылдың екі жартыжылдығы үшін есептелген салық сомасының 50%-нан аспайды.
Салықтар мен әлеуметтік төлемдердің есептелген сомалары шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларацияда (бұдан әрі – Декларация) көрсетіледі.
Есепті салық кезеңі үшін Декларация (910.00) салық төлеушінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына 15 тамыздан және 15 ақпаннан кешіктірілмей табыс етіледі. Салық кезеңі жартыжылдық болып табылады.
Декларацияны:
- «Салық төлеушілер кабинеті» веб-қосымшасы, «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды түрде;
- келу тәртібімен - қағаз жеткізгіште, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясынемесе тапсырыс поштасымен жеке ұсынуға болады.
Оңайлатылған декларацияда көрсетілген ЖТС/КТС және әлеуметтік салықты бюджетке төлеу 25 ақпаннан және 25 тамыздан кешіктірілмей жүргізіледі.
Төлем көзінен салық салынатын ЖТС және әлеуметтік төлемдердітөлеуай сайын айдың 25-і күнінен кешіктірілмейжүргізіледі.
Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР мынадай шарттарға сәйкес келетін ДК мен ЗТ қолданады:
- салық кезеңінде жұмыскерлердің орташа тізімдік саны 30 адамнан аспайтын;
- салық кезеңі ішіндегі табысы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына белгіленген АЕК-тің 24 038 еселенген мөлшерінен аспайды. Бұл ретте табыстарға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК-тің 70 048 еселенген мөлшері шегіндегі, ДК ҮИЖ-ді міндетті түрде қолдана отырып (қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау үшін жүйе (құрылғы) арқылы, мысалы, POS-терминалды пайдалану арқылы) қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы алған табыстар енгізілмейді.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы