Меню

Страницы

Статья

Бюджеттің 4 – ші деңгейі - жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық тәуелсіздігі

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 4 деңгейдегі бюджетке төленуге жататын салықтар бойынша барлық төлемдер аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының БСН-іне төленуі тиіс.

Бұл ретте жергілікті өзін –өзі басқарудың дербес бюджеттерін енгізудің бірінші кезеңінде (4-деңгейдегі бюджеттер) халық саны 2000 адамнан асатын ауылдық округтердің бюджетіне түсетін салықтар бойынша жаңашылдықтар салық төлеушілерге қатысты болады.

МӘМ бюджеті аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейінде 2018 жылдан бастап халық саны 2000 адамнан асатын әкімшілік аумақтық бірліктерде, ал 2020 жылдан бастап барлық жерде мемлекеттік бюджеттің 4-деңгейі ретінде енгізіледі.

Дербес бюджетті қалыптастыру әкімдердің жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді шешуде және азаматтардың өз ауылын, кентін дамытуға бағытталған шешімдер қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыру үшін жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге мынадай түсімдер жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер болып табылады:

1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында тіркелген жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынбайтын кірістері бойынша жеке табыс салығы;
2) мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағында орналасқан жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
3) жер учаскесі аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналасқан жеке және заңды тұлғалардан алынатын елді мекендердің жерлеріне салынатын жер салығы;
4) аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте тіркелген жеке және заңды тұлғалардан көлік құралдары салығы.

Осылайша, 4-деңгейдегі дербес бюджеттер халықтың елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру, автожолдарды салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау, елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту жөніндегі қажеттіліктерін ескере отырып, бюджет қаражатын неғұрлым тиімді жоспарлауға және пайдалануға мүмкіндік береді, бұл түпкі нәтижесінде адамдардың өмір сүру жағдайын жақсартуға және елді мекендердің сыртқы келбетін жақсартуға ықпал ететін болады.

Дата публикации
19 февраля 2020
Дата обновления
19 февраля 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы