Меню

Страницы

Статья

Кім ЭШФ жазып беруге міндетті?

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Электрондық шот-фактура жазып берілуі тиіс екенін хабарлайды:

  • ҚҚС төлеушілер:(Салық кодексінің 367-бабы 1-тармағының 1)тармақшасы)
  • алып қою Тізбесіне енгізілген тауарларды өткізу кезінде салық төлеушілер;
  • ҚҚС төлеуші болып табылмайтын комиссионер (Салық кодексінің 416-бабында белгіленген жағдайда);
  • ҚҚС төлеуші болып табылмайтын экспедитор (Салық кодексінің 415-бабында белгіленген жағдайда)
  • импортталған тауарды өткізген кезде салық төлеушілер (импорттаушы болып табылады ма жоқ па оған қарамастан);
  • мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі.

 

2021 жылғы 1 сәуірден бастап ЭШФ жазып беруге міндетті:

(Салық кодексінің 412-бабының 1-тармағы)

-«Виртуалды қойма» модуліне түскен тауарларды өткізу кезінде ҚҚС төлеуші болып табылмайтын салық төлеушілер;

    - салық төлеушілер – жүктерді халықаралық тасымалдау қызметтері бойынша;

    - құны 1000 еселенген АЕК мөлшерінен асатын азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша ҚҚС төлеуші  болып табылмайтын салық төлеушілер:

- резидент-заңды тұлғалар;

- Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер;

- дара кәсіпкерлер;

- жеке практикамен айналысатын тұлғалар (жеке нотариус, жеке сот орындаушы, адвокат, кәсіби медиатор).

Шот-фактураларды жазып беру мерзімдері:

(Салық кодексінің 413-бабы)

- Салық кодексінің 413-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тауарларды, қызметтерді сату бойынша айналым күніне келетін айдан кейінгі айдың 20-ы күнінен кешіктірмей;

- тауарларды экспорт кедендік рәсіммен орналастыра отырып әкеткен жағдайда – сату бойынша айналым жасалған күнінен кейінгі күнтізбелік 20күннен кешіктірмей;

- күнтізбелік тоқсанның қорытындысы бойынша –есептелген сыйақы сомасы бөлігінде мүлікті қаржылық лизингіне беру кезінде тоқсаннан кейінгі айдың 20-сы күніненкешіктірмей;

- сатып алушының билік етуіне сәйкестендірілген тауарлардың ұсынылуын растайтын тауарға ілеспе құжаттар негізінде тауарларды сату кезінде –сату бойынша айналым күніне келетін айдан кейінгі айдың 20-ы күнінен кешіктірмей;

- сату бойынша айналым жасалған күнінен ерте емес және осындай күннен кейін  күнтізбелік 15күннен кешіктірмей - басқа жағдайларда;

- түзетілген шот-фактура бұрын жазып берілген шот-фактураға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болған кезде жазып беріледі;

- қосымша шот-фактураны жазып беру мерзімдері   Салық кодексінің 420-бабындабелгіленген.

Құрметті салық төлеуші!

ЭШФ жазып беру тәртібі Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда шот-фактураны жазып беру қағидаларында айқындалған (Қазақстан Республикасының Қаржы министрі - Қазақстан Республикасы Премьер-Мнистрінің бірінші орынбасарының 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370бұйрығы).

ЭШФ АЖ пайдалану – пайданушулар үшін тегін.

Сіз ҚР ҚМ МКК ЭШФ АЖ сайтында (esf.gov.kz) тіркеліп, ЭШФ жазып бере аласыз.

 Қостанай қаласы бойынша мемлекетік кірістер басқармасы

 

Дата публикации
11 мая 2021
Дата обновления
11 мая 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы