Меню

Страницы

Статья

Алкоголь өнімін өндіру аумағында сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізуге лицензияны беру

«Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге лицензия беру»  (бұданәрі–АӨСБС)  өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz («Е- лицензиялау» МДБАЖ) арқылы жүзегеа сырылады.

Қызмет көрсетушініңатауы

ҚР ҚМ МКК-нің облыстар, Нұр-Сұлтан,Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары.

Алымдардыесептеументөлеутәртібі

Алымдар сомасы белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және уәкілетті мемлекеттік органға тиісті құжаттарды бергенгенемесе лицензияны алғанға дейін алымдарды төлеушінің тұрғылықты жері бойынша төленеді (105402 БСК).

АӨСБС лицензия беру үшін алынатын лицензиялық алымның мөлшерлемелері

АӨСБС лицензия беру үшін алымның мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай төлемақы төлеу күніне қолданыста болатын еселенген айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айқындалады және лицензияны беру кезіндемыналарды құрайды:

-астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда – 100 АЕК;

- аудандық маңызы бар қалалар мен кенттерде – 70 АЕК

- ауылдық елді мекендерде – 30 АЕК.

АӨСБС лицензияны алу үшін қажетті құжаттар тізбесі

- электрондық құжат нысанындағы өтініш;

- лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

- аталған шарттарды бір жылдан аз мерзімге жасаған жағдайда –денсаулық сақтау ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалыққұрылысжайлар, автожанармай құю бекетерінің,сауда базарларының,меншік құқығындағы, немесе уақытша иелік ету (пайдалану),өтеусіз пайдалану құқығындағы мәдени-демалыс ұйымдарының аумақтарында және ғимараттан тыс орындарында орналасқан тұрақты тұрудан өзге мақсатарда пайдаланатын стационарлық үй жайлардыжалға алу немесе өтеусізпайдалану шартының электрондық көшірмесі;

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 30.01.2015ж. №60 бұйрығына сәйкес электрондық құжат нысанда АӨСБС бойынша қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына берілетін мәліметтер нысаны.

Төлемақы төлеу

АӨСБС-ға лицензия алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.

Бұл ретте төлемақы мөлшерлемесі әкімшілік- аумақтық бірлікке байланысты саралаумен мөлшерлемелерді төмендетуменбелгіленген(105434 БСК)

- астанада, республикалықмаңызы бар қалалардажәнеоблысорталықтарында– 100АЕК;

- басқа да қалалар мен кенттерде– 60 АЕК;

- ауылдық елді мекендерде – 20 АЕК.

Төлемақы төлеуағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірмей тең үлестермен жүргізіледі.

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Дата публикации
29 апреля 2021
Дата обновления
29 апреля 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы