Меню

Страницы

Статья

Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасын есепке жатқызу, қайтару

Аудару кезінде мынадай қателердің кез келгені жіберілген:

      1) төлем құжатында:

      салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі дұрыс көрсетілмеген;

      орналасқан жері бойынша салық және бюджетке төленетін төлем, өсімпұл сомасы төленуге тиіс салық органының сәйкестендіру нөмірінің орнына басқа салық органының сәйкестендіру нөмірі көрсетілген;

      төлемнің мәтіндік мақсаты төлем мақсатының кодына және (немесе) кірістердің бюджеттік сыныптамасының кодына сәйкес келмеген;

      2) екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің төлем құжатын қате орындаған;

      3) ақша жөнелтуші – салық төлеуші тіркеу есебінде тұрмаған салық органына төлем жүргізген;

      4) ақша жөнелтуші – салық төлеуші салықтың немесе бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың осы түрі бойынша төлеуші болып табылмайтын кездегі сома салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасы болып табылады.

  1. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасын есепке жатқызу, қайтару:

      1) салық төлеушінің салықтық өтініші;

      2) екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның өтініші (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін – екінші деңгейдегі банктің өтініші);

      3) қате фактісі анықталған жағдайда, салық органы жасаған салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасының туындау себептері туралы хаттама бойынша жүргізіледі.

  1. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасын есепке жатқызу, қайтару:

      салық төлеушінің салықтық өтініші, екінші деңгейдегі банктің өтініші ұсынылған;

       салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасы түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

  1. Салық төлеушінің салықтық өтініші, екінші деңгейдегі банктің өтініші салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасын есепке алу жүргізілетін салық органына ұсынылады.
  2. Салық органы көрсетілген қателердің бірінің бар екенін растаған жағдайда, осы салық органы:

      1) қате төленген соманы бюджет сыныптамасының тиісті кодына және (немесе) тиісті салық органына есепке жатқызуды жүргізеді;

      2) салық төлеушінің банктік шотына қайтаруды жүргізеді.

  1. Екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым сол бір төлем құжаты бойынша салық, бюджетке төленетін төлем, өсімпұл сомасын қайтадан аударуға алып келген салық төлеушінің төлем құжатын қате орындаған жағдайларда, салық органы қате фактісі расталған кезде екінші деңгейдегі банктің өтініші бойынша қате төленген соманы:

      ақша банктік шоттан есептен шығарылған немесе төлем банкоматтар арқылы жүзеге асырылған жағдайда – салық төлеушінің банктік шотына;

       ақша екінші деңгейдегі банкке қолма-қол ақшамен енгізілген немесе төлем электрондық терминалдар арқылы жүзеге асырылған жағдайда – екінші деңгейдегі банктің банктік шотына қайтаруды жүргізеді.

  1. Салық органдары көрсетілген қателердің бар екендігін растамаған жағдайда, салық органы салық төлеушіге қатенің расталмағаны туралы жазбаша хабарлама жібереді.

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Дата публикации
29 апреля 2021
Дата обновления
29 апреля 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы