Меню

Страницы

Статья

Салықтық өтінішті, салықтық есептілікті ұсыну тәртібі

Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 208 бабына сәйкес  Салықтық өтініш, салықтық есептілік осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық органдарына ұсынылады. Егер салық төлеуші (салық агенті) уәкілетті орган өздері үшін салықтық есептіліктің әртүрлі нысандарын белгілеген санаттарға жататын болса, онда мұндай жағдайда, салықтық есептілік салық төлеуші (салық агенті) жатқызылатын әрбір санат үшін көзделген нысандар бойынша ұсынылады. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салықтық өтініш пен салықтық есептілік тиісті салық органдарына таңдауы бойынша:

      1) келу тәртібімен – қағаз жеткізгіште, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы арқылы (қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілікті қоспағанда);

      2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы – қағаз жеткізгіште;

      3) ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық нысанда ұсынылады.

Салық Кодексінің 38  бабының 3 тармағына сәйкес  Салық төлеуші (салық агенті) салықтық міндеттемені мерзімінен бұрын орындауға құқылы.

      Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші (салық агенті) салықтық есептілікті ұсыну жөніндегі салықтық міндеттемені салықтық кезең аяқталғаннан кейін орындайды.

         Өзгеге мынандай жағдайлар жатады: салық есептілігін табыс ету (ұзарту, қайта бастау); тарату немесе қызметін тоқтату туралы шешім кабылданған жағдайда таратудң салық есептілігін табыс ету.

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Дата публикации
19 апреля 2021
Дата обновления
19 апреля 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы