Меню

Страницы

Статья

«E-salyq Azamat» мобильді қосымшасы

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, хабарлайды:

Ел азаматтарына арналған «e-Salyq Azamat» ақысыз мобильді қосымшасын іске қосты.

Бұл мобильді қосымшада жеке тұлғалардың салық міндеттемелерін орындауға арналған әртүрлі қызметтер бар, мысалы:

активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 нысаны)жалпы деларацияның бөлігі ретінде ұсынуға;

салықтарды банк бөлімшелеріне бармай және комиссиясыз төлеуге;

салық берешегін тексеру;

мүлікке, жерге және көлікке салықты тексеру және есептеу;

салық обьектілерін қарау (жылжымайтын мүлік және көлік);

жылжымайтын мүлік және көлік туралы ақпараттарға түзетуді еңгізу жайлы тапсырыс беру;

жұмыс берушілермен жалақының есептелуін, табыс салығы мен әлеуметтік төлемдердің ұстау мөлшерін тексеру;

мемлекеттік кіріс органдарының қызмет көрсету Орталықтарына баруын онлайн брондау.

E-salyq Azamat» мобильді қосымшасында артық төлемді басқару сервисі іске асырылды.

Атап айтқанда, ол бір салықтан артық төлемді басқа салықтарға аудару арқылы жүзеге асырылады, сонымен қатар қаражатты банктік шотқа қайтаруға болады.

«E-salyq Azamat» мобильді қосымшасының «Артық төлем» салымында салық төлеушінің қандай салықтар бойынша артық төлем жасалғаны және артық төлеммен қандай іс - әрекеттерді жүргізгісі келетіні - не басқа салықтарға  есепке жатқызатыны, не өзінің банктік шотына қайтаратыны көрсетіледі. Ол үшін шоттың деректемелерін, банкті және қайтару жүргізу үшін соманы көрсету қажет.

«e-Salyq Azamat» қосымшасын «App Store» немесе «Play Market»-тен жүктеуге болады.

Толығырақ ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан немесе «1414» нөмеріне хабарласу арқылы алуға болады.

Қостанай қаласы бойынша мемлекетік кірістер басқармасы

Дата публикации
08 апреля 2021
Дата обновления
08 апреля 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы