Меню

Страницы

Статья

Кәсіпкерлердің назары

Кәсіпкерлік және ауыл шарушылық бөлімі (бұдан әрі-Бөлім) сіздің назарыңызға қазіргі уақытта Қостанай қаласы Жамбыл көшесі 89/1 мекенжайы бойынша орналасқан «Еңбек – Қостанай» филиалының (бұдан әрі-Филиал) түзеу мекемелерінде жаңа өндірістік алаңдар ашу үшін Қостанай облысының түзеу мекемелері жанында төрт учаске бар екенін жеткізеді.

Анықтама ретінде: бұл учаскелер Арқалық қаласында – «УК 161/12 мекемесі» ММ жанындағы № 1 учаске, Жітіқара қаласында – «УК 161/3 мекемесі» ММ жанындағы № 21 учаске, Қостанай қаласында – «УК 161/2 Мекемесі» ММ жанындағы № 4 учаске және «УК 161/11 мекемесі»ММ жанындағы № 93 учаске орналасқан.

Бүгінгі таңда филиалдың өндірістік учаскелерінде және шағын және орта бизнестің 14 субъектісінде 500-ден астам сотталған жұмысқа орналастырылды.

Бұл кәсіпорындар қызметінің негізгі түрі бетон бұйымдарын (бордюрлер, кеспе тастар, жиектер және т. б.), халық тұтынатын тауарларды (арнайы киімдерді, қорғаныш костюмдерін, маскаларды, төсек жабдықтарын тігу, нан-тоқаш және жарма өнімдерін шығару), ағаш және металл өңдеу (офистік жиһаз, орындықтар, үстелдер, терезе рамалары мен есік блоктары, шахмат, металл қақпалар, торлар, қоршаулар, Соғылған бұйымдар, урналар және т. б.) өндіру, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің мұқтаждықтары және аула алаңдарын абаттандыру үшін шағын сәулет нысандарын дайындау.

Сонымен қатар, ҚАЖ мекемелерінде 165,5 м2-ден 10 642 м2-ге дейін қосымша өндірістік үй-жайлар бар.

Бұл үй-жайлар бизнес субъектілеріне сенімгерлік басқару құқығымен не заңнамада белгіленген тәртіппен жалға берілуі мүмкін.

Егер қызығушылық танытқан және УК аумағында өндіріс ашуға ниет білдірген жағдайда, «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шарушылық бөлімі» ММ  54-10-55, 54-11-25 телефондарына, «Қостанай облысының қылмыстық-атқарушы жүйесі департаменті» ММ Қостанай қ., Жамбыл көш., 89/1, 55-81-11,55-72-99 мекенжайына хабарласуға болады.

Дата публикации
07 апреля 2021
Дата обновления
07 апреля 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы