Меню

Страницы

Статья

ТІЖ ендіру бойынша пилоттың мерзімі ауыстырылды

Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы хабарлайды,

Көлеңкелі айналымды қысқарту мақсатында ТІЖ тауарлар айналымының шекарадан бөлшек саудаға дейінгі бақылануын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында атап өтті.

Кедендік ресімдеу (АСТАНА-1) және Электрондық шот-фактуралар (ЭШФ АЖ) бойынша ақпараттық жүйелер сатудың барлық тізбегін бақылауды қамтамасыз ететін болады.

Қазіргі уақытта осы жүйенің Пилоттық жобасы жүргізілуде. Бұл процесте қолданылатын барлық жүйелерді қалыпқа келтіру үшін айыппұлдар мен басқа санкциялар қолданылмайды.

«Салық төлеушілердің көптеген өтініштері бойынша Пилоттың мерзімі:

акцизделетін тауарлар бойынша - 2021 жылғы 1 шілдеге дейін;

ЕАЭО-дан әкелінетін/ЕАЭО-ға әкетілетін тауарлар бойынша -2021 жылғы 1 шілдеге дейін;

виртуалдық қойманың тауарлары бойынша - 2021 жылдың 1  қарашасына дейін кейінге шегеріледі.

ДСҰ-ның Алып қою тізбесіндегі тауарлар және цифрлық таңбалау қолданатын тауарлар бойынша пилоттың басталу мерзімі 2021 жылғы 1 ақпаннан 2021 жылғы 1 шілдеге, аяқталу мерзімі - 2021 жылғы 1 шілдеден 2022 жылғы 1 ақпанға ауыстырылады», - деп хабарлады Ж.Іңкәрбаев.

 

Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз:

1) Байланыс орталығына-1414 нөмірі бойынша, қосымша нөмірі 4;

2) ҚР ҚМ МКК Instagram - дағы парақшасы-сілтеме бойынша:

https://instagram.com/press_kyzmet_kgd?r=nametag;

3) МКК YouTube арнасы-сілтеме бойынша:

https://youtube.com/user/salykgovkz;

4) ҚР ҚМ МКК Facebook парақшасы - сілтеме бойынша:

https://www.facebook.com/kgd.gov.kz/;

5) "ҚР ҚМ МКК-мен ТІЖ енгізу" телеграмм-сілтеме бойынша:

https://t.me/joinchat/GKvfM8gwBMMuyA2M;

6) Facebook - тегі Форум "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесі (ЭШФ АЖ) - сілтеме бойынша:

https://www.facebook.com/groups/esf.gov.kz?modal=false&should_open_composer=false.

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

 

Дата публикации
06 апреля 2021
Дата обновления
06 апреля 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы