2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономикаға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мақсатында Жалпыға бірдей декларациялау енгізіледі.
Бірінші кезеңде – 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациалау шеңберіндегі декларацияны:
- жауапты мемлекеттік лауазымдағы тұлғалар мен олардың жұбайы (зайыбы)
- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғалар мен олардың жұбайы (зайыбы)
- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғалар теңестірілген адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы)
- «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар болып табылатын жеке тұлғалар тапсырады.
Екінші кезеңде – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы), сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы) болып табылатын жеке тұлғалар тапсырады.
Үшінші кезеңде – 2024 жылғы 1 қаңтардан бастапзаңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайы, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайы тапсырады.
Төртінші кезеңде – 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың қалған санаттары декларация тапсырады.
Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 631 бабына сәйкес активтер мен мендеттемелер туралы декларацияны толтыру ерекшеліктері:
Қазақстан Республикасында және оныі шегінен тыс жерде мыналардың болуы туралы ақпаратты көрсетуіне арналады:
- Құқытары және мәмілелері шет мемлекеттің құзыретті органдарында мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлук:
- Жылжымайтын мүлік, жер учаскілері және жер үлестері, әуә және теңіз кемелері , ішкі суда жүзетін кемелер, өзен – теңізде жүзетін кемелер:
- Көлік құралдары, арнайы техника және тіркемелер;
- Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде шетелдік банктердегі банктік шоттарда жиынтығында барлық банктік салымдар бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомадағы ақша.
- Қазақстан Республикасындағы және оның шегінен тыс жерлердегі мүлік:
- Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуы туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлес;
- ҚР шегінен тыс жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;
- Бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары ;
- Инвестициялық алтын;
- Зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;
- Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және жеке тұрлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсырылатын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанында қолданыста болатын айлық есептук көрстекіштің 10 000 еселенген мөлшері шегінен аспайтын сомада көрсетілетін колма-қол ақша;
- Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы ҚР заңнамасына сәйкес құрылған банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешекті қоспағанда , міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын, нотариат куәландырған шарт немес өзге құжат болған кезде басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешегі ) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешегі).
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы