Меню

Страницы

Статья

«Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ ақпараты

"Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ халықтың толыққанды рухани-мәдени, білім беру және дене шынықтыру дамуы үшін жағдай жасау мақсатында 2020 жылы мынадай жұмыс атқарды.

Бүгінгі таңда Қостанай қаласында спорттың 110 түрі бойынша 830-ға жуық секция жұмыс істейді, оның ішінде 36 олимпиадалық, 5 ұлттық, 33 олимпиадалық емес, 11 техникалық және 25 мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін спорт түрлері бар.  Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту пайызы халықтың жалпы санының 30% - ын құрайды.

Ағымдағы жылы бөліммен 702 спорттық разрядтар  және біліктілік санаты берілді.

Қала аумағында 23 000-нан астам адамның қатысуымен 290-нан астам спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді. Олардың ішіндегі ең ауқымдысы:

"Денсаулық шаңғысы-2020" шаңғы фестивалі; жоғары колледждер арасындағы Спартакиада.

Мекемелер ұйымдары мен кәсіпорындар саны өткен жылмен салыстырғанда 7 бірлікке артты. Фитнес-орталықтар: "Номад-фитнесс" Чернышевский к-сі, 111 Б; "Фитнес-блиц" Береке ш.а.  "Қостанай плаза" СОО;  Алтынсарин көшесі 119/1, Гоголь көшесі 98 " Гараж"; Абай даңғылы 22а "Энерджи"; "Дружба " тұрғын үй алабында "Қостанай-ПЕНЕТРОН" ЖШС ҚБК құрылды. Юбилейный ш.а. 1200  орынға мектеп салынды. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны 3899 адамға артты. Сондай-ақ, биыл Гашек көшесінде "Бокс мектебі" және жаңа "Шаңғы базасы" ашылды.

2020 жылы аула аумақтарын абаттандыру және Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде "Қостанай қаласы әкімдігінің ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ-мен  жасанды жабыны бар 14 спорт алаңы орнатылды. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында Қостанай-2  ш.а және Дружба т.а. жасанды жабыны бар 3 футбол алаңы  орнатылған 3 саябақ салынды.

"Қостанай облысының  автомотоспорт Федерациясы" бастамасымен республикалық жарыстарды ғана емес, мотокросс бойынша халықаралық жарыстарды да өткізуге мүмкіндік беретін заманауи трасса құрылды. Трасса Тобыл өзенінің (ҚТБИ ауданы) жағалау аймағында орналасқан.

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында солтүстік-батыс шағын ауданында 50 метрлік бассейн мен Юбилейный шағын ауданында 2500 көрерменге арналған Мұз сарайының құрылысы жүргізілуде.

Сондай-ақ Қостанай қаласында қаланың жалпы білім беретін мектептерінің базасында 2939 жаттығушымен дойбы, үстел теннисі, футбол, волейбол, қоян-қолтық ұрыс, спорттық туризм сияқты спорт түрлері бойынша 21 аула клубы бар екенін атап өтеміз.

Жеке ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор арасында дене шынықтыру ұжымдарын  құру бойынша насихат жүргізілуде. Қалада барлығы 35-ке жуық  дене шынықтыру ұжымдары  жұмыс істейді.

Дата публикации
01 февраля 2021
Дата обновления
01 февраля 2021
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы