Меню

Страницы

Статья

"Экспорт таукезіндеорны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру"

Экспорттау кезінде тасымалданатын жүкке берілетін  сертификат қандай мемлекеттерге баруына байланысты келесі түрлерге бөлінеді:  Еуразиялық экономикалық одақ мүше мемлекеттерге берілетін немесе үшінші елдерге берілетін ветеринариялық сертификат болып, осы аталған сертификаттардын бланкісінің ақысыда әр түрлі болады.

Мемлекеттік қызметті Стандартқа сәйкес құжаттардың толық топтамасымен бірге нысан бойынша өтініш беріп, «АШМ ВБ және ҚК Қостанай ҚАИ» ММ алуға болады.

1)осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2)жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) жануарлардан алынатын өнімдерді, шикізатты, азықтарды ("Кеден одағында ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы" Кеденодағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың бірыңғай тізбесінде "*" символымен белгіленген өнімдерді қоспағанда) тасымалдау кезінде – сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) көшірмесі;

Сараптама актісін (сына қхаттамасын):  

Өндіріс объектісі бекіткен және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринария саласындағы уәкілетті органы ведомствосының аумақтық бөлімшесі келіскен Өнімді мониторинг тікзерттеу жоспары (бұдан әрі – Мониторинг жоспары) бар болған кезде;

Мониторинг жоспары шеңберінде зерттелетін өнімнің сараптама актісін (сынақ хаттамасын) берген сәттен бастап 1 (бір ай) ішінде оны пайдалану кезеңінде зерттелетін қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша сәйкес болған кезде жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектісінен салқындатылған етті, тағамдық жұмыртқаларды әкету (экспорт) үшін берілген сәттен бастап 1 (бір) ай бойып айдалануға жолберіледі;

4) иттер мен мысықтардың орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде – ветеринариялық паспорт көшірмесі;

5) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге емес үшінші елдерге (Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекеттер) әкету мақсатында республиканың бір әкімшілік-аумақтық бірлігінен республиканың басқа әкімшілік-аумақтық бірлігіне орны ауыстырылған (тасымалданған) объектілердің орнына уыстырған (тасымалдаған) кезде және/немесе республиканың бір әкімшілік-аумақтық бірліг ішегінде орныауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің иесі ауысқанда – ветеринариялық анықтама көшірмесі (ақпараттық жүйеде болмаған жағдайда);

6) ветеринариялық сертификат бланкісі үшін ақы төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.

            Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ветеринариялық сертификатты алу үшін тасымалдау басталғанға дейін алдын ала (кемінде 2 (екі) жұмыс күні, осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда) аумақтық бөлімшенің кеңсесі не портал арқылы экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беруге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш және № 1-стандартта көрсетілген құжаттарды ұсынады.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) мерзімі өтіпкеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша уәжді бас тартады.

            Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұданәрі – көрсетілетін қызметті алушылар) "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес ақылы түрде (ветеринариялық сертификат бланкісіүшін) көрсетіледі.     

Көрсетілетін қызметті алушы екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында және/немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 16-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша мемлекеттік қызметт ікөрсету орындарында орналастырылған бланктің құнын төлейді.

Өтінішті қабылдау дүйсенбі-ден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс және мереке күндері – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Мерекелер туралы" Заң) 5-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші белгілеген жұмыс уақыты кестесіне сай.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

Ветеринариялық сертификат беру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

1) жануарлардың аса қауіпті және жұқпалы аурулары бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектісінің шығу (болу), жүру (бағыты) және (немесе) келу (межелі пункт) орнының эпизоотиялықа хуалыныңн ашарлауы;

2) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектісінің қауіпсіздігі мониторингінің нәтижелері бойынша жануарлар саулығы мен адам денсаулығының қауіпсіздігіне төнетін қатердің расталуы;

3) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша жануарлар саулығы мен адам денсаулығының қауіпсіздігіне қатер төндіретін, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарын бұзушылықтың анықталуы;

4) ветеринариялық сертификатты алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

5) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған құжаттардың, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің, көлік құралдарының, деректердің және мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты ветеринариялық сертификат алуға байланысты қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар.

Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.         

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.     

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

«АШМ ВБ және ҚК Қостанай ҚАИ» ММ

бас маманы

Вагнер Е.С.

Дата публикации
25 марта 2021
Дата обновления
25 марта 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы