Ескерткіш датасы – 1913 ж.
Орналасқан жері: Қостанай қ., 1 Май көшесі,151 «А»
ХХ ғасырдың басындағы сәулет ескерткіші. Қасында орналасқан қызыл кірпіштен салынған бір қабатты ғимаратпен үйлесімді ансамбль құрайды. Ғимарат ХХ ғасырдың басына тән модерн элементтерімен электикалық стильде салынған.
Ұлы Отан соғысы жылдары В.И.Ленин атындағы аурухана ғимаратында жаралы жауынгерлерді емдеу үшін (1924 жылдан бастап солай аталды) № 3597 әскери госпиталь орналасты. Ленин ауруханасы 1958 жылға дейін қалалық және облыстық аурухана қызметін атқарды. Қазіргі уақытта ғимаратта түрлі қоғамдық ұйымдар орналасқан.