Ескерткіш датасы – XIX ғасырдың соңы– XX ғасырдың басы
Орналасқан жері: Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 128.
XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басындағы сәулет өнерінің үлгісі. Ғимарат тас үйлердің сәулет өнері дәстүрімен салынған.
Үй Қостанайдағы атақты саудагер Сенокосовқа тиесілі болған. Ғимараттың қасбетін безендіруде сол кездегі орыс халық сәулет өнеріне тән әдістер қолданылған.