Меню

Страницы

Статья

«e-Salyq Azamat» мобильдік қосымшасы

Қостанай қалсы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы барлық салық төлеушілердің назарына 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап көптеген деректемелерді толтырудағы қиындықтарға байланысты салықтарды дұрыс төлемеу проблемасын жоққа шығаратын Салық әмиянының функционалы тәжірибелік пайдалануға енгізілгенін жеткізеді.

Салық әмиянының сервисі МКК eSalyq порталының мобильдік қосымшасында App Store және Play Market-те жарияланған.

Тағы да ескертеміз, салық әмиянының сервисіне қол жеткізу үшін ЭЦҚ немесе СМС-код арқылы eSalyq қосымшасында тіркелу қажет, ол үшін Мобильдік азаматтар базасында тіркелу қажет. Сондай-ақ, мобильді қосымшада ЖСН/пароль, жылдам қатынау коды және биометрия (FaceID, TouchID) бойынша кіруді реттеуге болады.

Салық әмиянының тетігі бюджетке төлемдерді автоматты түрде таратуға, сондай-ақ қате төлемдер мен өсімдерді болдырмауға, қайтарулар мен инкассалық өкімдердің санын қысқартуға, салық төлеушілердің уақыт бойынша шығындарын азайтуға және банктерге комиссияға шығыстарды болдырмауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ «E-salyq Azamat» қосымшасында артық төлемді басқару сервисі іске асырылды.

Атап айтқанда, ол бір салықтан артық төлемді басқа салықтарға аудару арқылы жүзеге асырылады, сонымен қатар қаражатты банктік шотқа қайтаруға болады.

«E-salyq Azamat» мобильді қосымшасының «Артық төлем» салымында салық төлеушінің қандай салықтар бойынша артық төлем жасалғаны және артық төлеммен қандай іс - әрекеттерді жүргізгісі келетіні - не басқа салықтарға  есепке жатқызатыны, не өзінің банктік шотына қайтаратыны көрсетіледі. Ол үшін шоттың деректемелерін, банкті және қайтару жүргізу үшін соманы көрсету қажет.

2021ж. 1 қаңтарынан бастап есепке жатқызу және қайтару мерзімі 10 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылған.

Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер Салық әмиянын толтыру арқылы салықтарды баламалы төлеу мүмкіндігіне ие. Сервис салық төлеушіге бюджетпен оның ағымдағы және алдағы міндеттемелері туралы ақпарат береді. Салық Әмиянынан түскен ақша декларацияларды, есеп айырысуларды, уәкілетті органдардың мәліметтерін табыс ету кезінде салық міндеттемелері туындаған тиісті салықтарға автоматты түрде есепке алынады.

Екінші деңгейдегі банктермен жүргізілген интеграцияға байланысты бүгінгі күні салықтарды төлеудің ыңғайлы және қарапайым сервистері іске асырылды.

Салық төлеушілер салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешектерді «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасында, МКК порталында, оның ішінде оның eSalyq мобильдік нұсқасында, екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшаларында (Homebank, Kaspi.kz және басқалар), egov.kz порталында көре алады.

Барлық жоғарыда көрсетілген ресурстарда алдағы салықтарды қарау және дайын деректемелер бойынша ақы төлеу мүмкіндігі іске асырылды. Жеке тұлғалар үшін мүлік салығы бойынша, жер салығы және көлік құралдары салығы, ал ЖК үшін - төлем көзінен салық салынбайтын табыстан  ЖТС бойынша.

«Е-Salyq mobile» мобильді қосымшасында мемлекеттік кірістер органдарына бару күні мен уақытын брондау мүмкіндігі іске асырылды.

              Бұл функция қызмет алушыларға кезек күту түрінде уақыт шығындарын жоюға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияның таралу қаупі жоғары болған жағдайда, алдын-ала брондау мүмкіндігі қызмет алушылардың ағынын реттеуге, сервис орталықтарында кезектердің пайда болуына жол бермейді.

              Онлайн брондау «e-Salyq mobile» мобильді қосымшасының «Электрондық қызметтер» бөлімінде, сондай-ақ Комитеттің порталында қол жетімді.

              Сонымен қатар, көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік кірістер органдарының жұмысына қанағаттанушылық деңгейін анықтау мақсатында Комитеттің порталында «Сауалнама» бөлімінде салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының пікірлерін алу үшін онлайн-сауалнама іске асырылды.

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Дата публикации
04 марта 2021
Дата обновления
04 марта 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы