Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ электронды үлгідегі қызметтерінің үлесі 80 пайызға жетті

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры электронды үлгіде көрсететін қызметтерді белсенді түрде енгізуде. Өткен жылы бұл бағытта жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілді. Мысалы, салымшылар мен алушыларға көрсетілетін қызметтердің 80 пайыздан астамы, яғни 13,6 миллионнан астам қызмет цифрлық технологиялардың көмегімен орындалды. Бұл 2018 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 36 пайызға жоғары. Электрондық қызметтердің бірқатары жаңартылып, жетілдірілді. Солардың бірі – Қордың мобильді қосымшасы.  

Қордың қазақ және орыс тілінде жұмыс істейтін мобильді қосымшасы арқылы жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алуға, сондай-ақ зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштерді, шарттардың деректемелерін, жаңалықтарды, Қор филиалдарының байланыс нөмірлері мен мекенжайларын көруге болады. Енді осы қызметтердің қатары жаңа мүмкіндіктермен толықты. Олар: болжамды зейнетақы калькуляторы, онлайн-бот және халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына өтініш жасауға мүмкіндік беретін қызметтер. Бұл ретте зейнетақы калькуляторы арқылы болашақ зейнетақыны есептеуге мүмкіндік берілсе, онлайн-бот арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап алуға болады. Бұдан басқа Push-хабарлама қызметі енгізілді. Оны пайдалану үшін ұялы қосымшаны ашып, «Баптау» бөліміне кірген соң, (push-хабарламаны қосу/өшіру) осы қызметті іске қоссаңыз болды. Сонда зейнетақы шотыңызға міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары келіп түскендігін экранда пайда болатын қысқаша хабарлама арқылы дер кезінде біліп отырасыз.

Танымал мессенджерлерге орнатылған сервистер де салымшылардың сұранысына ие болуда.Мысалы, Telegram мессенджері қажетті ақпараттарды алуға, қысқаша үзінді көшірмені электрондық поштаға жіберуге, Жеке кабинеттің паролін қалпына келтіруге, Қор жаңалықтарымен танысуға және оның бөлімшелерінің мекенжайын білуге мүмкіндік береді.

Бүгінде БЖЗҚ өзінің ресми сайты мен мобильді қосымшасы арқылы мынадай электрондық қызметтерді көрсетеді:

1) ерікті зейнетақы жарналары есебінен (өз пайдасына) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу;

2) жеке деректемелерге, оның ішінде хабарлау тәсіліне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;

3) жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) үзінді көшірмені қарау;

4) ЖЗШ-дан үзінді көшірмені электрондық мекенжайға жіберу;

5) ЖЗШ бар болуы туралы анықтама алу;

6) ЖЗШ ашу туралы өтінішті/зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңа редакциядағы шартты («телнұсқа») алу;

7) I немесе II топтағы мүгедектік мерзімсіз болып белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін рәсімдеу туралы өтініш беру;

8) төлемдер және (немесе) қоныс аудару жөніндегі өтініштердің мәртебесін, яғни орындалу барысын қадағалау.

Айта кету керек, салымшылардың сұранысы бойынша ең жиі көрсетілетін қызмет: жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме беру. 2019 жылы үзінді көшірме электрондық үлгіде 13,5 миллион рет сұралған. Одан басқа, цифрлық технологиялардың көмегімен жеке деректемелерді өзгертуге 62,3 мыңнан астам өтініш және жеке зейнетақы шотын ашуға 5 мың өтініш қабылданып, хабарлау тәсілін белгілеу/өзгерту бойынша 31,5 мыңнан астам келісім рәсімделген. Басқа  электрондық үлгідегі қызметтер бойынша да өсім байқалады.  

Осылайша БЖЗҚ әрбір салымшыға қолжетімді жоғарытехнологиялық ұйым ретінде халыққа өз қызметін үздіксіз ұсынуда.

Дата публикации
06 февраля 2020
Дата обновления
06 февраля 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы