Ескерткіш датасы – XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың басы, 1913 ж.
Орналасқан жері: Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 113.
XIX ғасырдың аяғында - XX ғасырдың басында салынған сәулет өнері ғимараты.
Мұражай мәліметтері мен ескі фотосуреттер бойынша Николаевская көшесіндегі (бүгінде Алтынсарин көшесі) ғимарат сауда мекемесі болып жоспарланған.
Ғимаратта «М - В. Яушевъ, Г. Бикмухамедовъ, С. Насыровъ және К° фирмасының Сауда үйі» орналасқан, негізінде бұл көтерме және бөлшектеп сату дүкені болған.
Кейіннен мұнда дүкендер, оның ішінде «Мысль» кітап дүкені болды.
2008 жылы қайта жаңғыртылғаннан кейін, бұл ғимаратта облыстық көркемсурет галереясы ашылды.