Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, хабарлайды:
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексінің 169-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы алынып тасталды, сондықтан бақылау-касса машиналарын пайдалану орнын ауыстыру кезінде бақылау-кассалық машинаны пайдалану орнын тіркеуден шығармай өзгертуге болады.
Салық кодексінің 168-бабының 3-тармағында бақылау-касса машинасының тiркеу деректерiне өзгерістер енгізу кезінде деректерді беру функциясыз бақылау-касса машиналарына салықтық өтініш берудің электрондық әдісі алынып тасталды. Салықтық өтініш салық органына келу тәртібімен қағаз жеткізгіште ұсынуға жатады.
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексінің 22-бабы 14) тармақшасымен толтырылады, сонымен көлеңкелі экономикаға қарсы күресте қоғамдық бақылау мақсатында төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған бақылау-касса машинасын және жабдықты (құрылғыны) қолдануды бұзу фактілері туралы хабарлаған адамға осындай факт расталған жағдайда сыйақы көзделген. Сыйақы беру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы