Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Салық кодексінің нормаларына сәйкес 2020 жылғы бюджетке жеке тұлғалар үшін көлік құралдары салығын төлеу мерзімі есепті салық кезеңінен кейінігі жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмейтін күн болып табылатынын хабарлайды.
Салықты есептеу үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленгенижәне тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш қолданылады.
Жеке тұлғалар салықты тұрғылықты жері бойынша төлейді.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында орналасқан «Электрондық сервистар» / «Калькуляторлар» бөлімінде «Көлік құралдары салығы бойынша есеп-қисабы» сервисі арқылы, e-Salyk Azamat қосымшасы, 2020 жылдың көлік салығының сомасын есептеуге болады.
eGov.kz порталында барлық салықтар мен міндетті төлемдерді ЭСҚ қол қою және авторизациялау қажеттілігінсіз бюджетке төлеуге арналған жаңа қызмет пайда болды. еGov.kz порталында төлеу үшін «Салықтар және қаржылар» - «Төлемдер» - «Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу» бөлігіне өту және «Онлайн төлеу» тетікшесін басып, қызметке тапсырыс беру қажет. Салық төлеушінің ЖСН/БСН, мемлекеттік кірістер органдарының атауы, төлем сомалары, бюджеттік сыныптама коды енгізілгеннен кейін, жүйе автоматты түрде салықтарды төлеу бөліміне өтуді ұсынады. Барлық рәсімдер аяқталғаннан кейін, төлем дерегін растайтын электрондық түбіртек ұсынылады.
Салықтарды төлеуді e-Salyk Azamat қосымшасы, Egov порталы, Қазпошта бөлімшесі, сондай-ақ ЕДБ мобильді қосымшасы (halyk, kaspi).
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы