Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәлiметтердi енгiзе отырып және ветеринариялық паспортты бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмiр берудi қамтитын, жануарларды есепке алу рәсiмi.
Ветеринария туралы Заңынын 32, 25 баптарына сәйкес Ауыл шаруашылығы жануарлары уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жануарлар ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі ветеринариялық дауалаудың жүзеге асырылуын бақылау және қадағалау мақсатында әрбір жануарға қадағалау жүргізуге мүмкіндік беретін міндетті сәйкестендіруге жатады. Жеке және заңды тұлғалар ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi қамтамасыз етуге міндетті.
Жеке және заңды тұлғалар Қазақсттан Республикасының ветеринария заңамасын бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 406 бабына сәйкес жауапқа тартылады.
«АШМ ВБ және ҚК Қостанай қалалық аумақтық инспекциясы» ММ тел: 54-27-35;