Меню

Страницы

Статья

Шошқаның африкалық обасы

Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы                           29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығына сәйкес  шошқаның африкалық обасы вирусының Қазақстан Республикасы аумағына әкелінуiн алдын алу мақсатында мыналарға:

      1) шошқаның африкалық обасы бойынша қолайсыз елдерден үй және жабайы жануарларды, оларды союдың өнiмдерiнiң және азықтың барлық түрін кіргізуге;

      2) Қазақстан Республикасына бағытталған көлiк құралдарының иелерiне Қазақстан Республикасы аумағына шошқаның африкалық обасы бойынша қолайсыз мемлекеттерде сатып алынған жануарлар мен олардың тамаққа қолданылатын ет өнiмдерiн (консервiлерден басқа) жеткізуге;

      3) Көлік құралдарынан Қазақстан Республикасының теңіз порттары акваторияларына, әуе кеңістігіне, темір және тас жол магистральдары бойынша тамақ қалдықтары мен қоқыстарды тастауға жол берілмейді. Шошқаның африкалық обасы бойынша қолайсыз елдерден келген кемедегi ағынды су зарарсыздандыруға жатады. Тамақ (ет) өнiмдерi бар сақтайтын тоңазытқыш камералары және теңiз, өзен кемелерiндегi қоймалары Қазақстан Республикасы портында барлық тоқтап тұру кезеңінде пломбалауға жатады;

      4) шошқаларды халықаралық әуе, теңiз, өзен порттары және шекаралық темiржол станцияларының аумақтарында ұстауға жол берілмейді.

Шаруашылық жүргізуші субъектiсiндегі ветеринариялық маман шошқаның африкалық обасы ауруына күдiк пайда болған кезде ол туралы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторына хабарлайды.

Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидасының 1240 тармағына сәйкес шошқаның африкалық обасының белгілері анықталған жағдайда, ұшаны ішкі мүшелерімен терісі бірге өртеу арқылы жояды.

      Африкалық шошқа обасы бойынша бірінші қауіпті аймақтағы сойылған шошқадан алынған ет және басқа да өнімдер пісірілген, пісіріліп-қақталған шұжық, консерві өнімдеріне өңделеді немесе қайнатылады. Дайын өнім қолайсыз аймақ аумағында сатылады.

      Дистрофикалық өзгерістері бар, бұлшық ет ұлпасында және ішкі құрылысында қан құйылған ұшаларды барлық сойылған өнімдерімен бірге өртеу арқылы жояды.

АШМ ВБ және ҚК Қостанай қалалық аумақтық инспекциясы,

Набережная көш.43. Тел: 54-27-35;

Дата публикации
12 января 2021
Дата обновления
12 января 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы