Ескерткіш датасы – XX ғасырдың басы.
Орналасқан жері: Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 109.
ХХ ғасырдың басындағы сәулет ескерткіші.
Авторы, құрылысшысы - белгісіз.
Билік басындағылар мен тұрғындардың табандылығының арқасында 1910 жылдың 1 қыркүйегінде Қостанай қаласында реалдық ерлер училищесі ашылды. Училищеде негізінен ауқатты ата-аналардың балалары оқыған, себебі оқу ақысы жоғары болды.
Бүгінде училище ғимаратында Гуманитарлық колледжі орналасқан. Қасбеттердің алғашқы келбеті өзгерген. Сәндік элементтер жоқ. Тек, солтүстік батыс жақ қасбеті өзгермеген.