Меню

Страницы

Статья

Қостанай қаласы бойынша МКБ жалпығы бірдей декларациялауды енгізу бойынша түсіндіру жүргізуде

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мемлекеттік  қызметшілер арасында Жалпыға бірдей декларациялауды кезең-кезеңмен енгізуге қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Көлеңкелі экономиканың мөлшерін азайту мақсатында жеке  тұлғалардың кірістеріне салық салуды жан-жақты әкімшілендіру міндетін шешудің маңызды шарты халықтың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау болып табылады.

Жалпыға  бірдей декларациялауға көшудің мақсаты көлеңкелі экономикамен және сыбайлас жемқорлық  көріністерімен күресу үшін  жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін тиімді бақылау жүйесін құру болып табылады.

Салық Кодексінде жалпыға бірдей декларациялауды төрт кезеңмен жүзеге асыру қарастырылған.

Бірінші сатыда – 2021 жылдың 01 қаңтарынан  жалпыға бірдей декларациялау аясында декларацияны ұсынады:

Жауапты мемлекеттік лауазым тұғалар, және олардың жұбайлары;

Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғалар, және олардың жұбайлары;

Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға теңестірілген тұлғалар, және олардың жұбайлары;

Екінші сатыда – 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері үшін және олардың жұбайлары, сонымен қатар квазимемлекеттік секторының және олардың жұбайлары үшін декларациялау;

Үшінші сатыда – 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап басшылар және заңды тұлғалардың құрылтайшылары мен олардың жұбайлары үшін декларациялау;

Төртінші сатыда – 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтардың қалған категорияларын декларациялау.

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Дата публикации
06 января 2021
Дата обновления
06 января 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы