Қазақстан Республикасының Салық салу және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі) 1-бап, 1-тармақ, 65 – ші тармақшасына сәйкес:
Тауарлармен электрондық сауда – бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:
тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылса;
тауарлар үшін ақы төлеу қолма-қол емес төлеммен жүргізілсе;
тауарларды сатып алушыға (алушыға) жеткізетін өз қызметі болса не жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, курьерлік және (немесе) пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен шарттар болса, интернет-дүкен және (немесе) интернет-алаң арқылы ақпараттық технологиялар көмегімен жүзеге асырылатын, жеке тұлғаларға тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.
Электрондық сауда саласындағы қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне тіркелу керек.
Бұл ретте жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама негізінде жүргізіледі.
Осы хабарлама жеке қызмет түрін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей салық органына ұсынылады.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы