Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 363 – бабының 2- тармағына сәйкес жеке табыс салыға бойынша декларация 230-нысанын табсыруды естеріңізге саламыз:
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларация тапсыру міндеті жүктелген жеке тұлғалар кірістері және салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, оның шегінен тыс жердегі де мүлкі туралы декларацияны тапсырады.
Жеке табыс салығы бойынша декларация тұрған (тұрғылықты) жері бойынша салық органына есептi салықтық кезеңнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей тапсырылады.
Декларацияны уақытылы ұсыну қажеттілігі туралы еске саламыз, салық есептілігін тапсырудың соңғы күндері ақпараттық жүйелерге жоғары жүктеме пайда болады, ол пайдаланушылармен декларацияны ұсыну процесін айтарлықтай қиындатады.