Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Салық кодексінің нормаларына сәйкес 2020 жылы жеке тұлғалар үшін көлік құралдарына салық төлеу мерзімі 2020 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей.
Жеке тұлғалар салық төлеуді тұрақты тіркелген тұрғылықты жері бойынша жүргізеді.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Заңының (Салық кодексі) 492-бабының 3-тармағына сәйкес салықты есептеу үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш (әрі қарай – АЕК) қолданылады.
2020 жылға көлік құралдары салығын есептеу үшін 2020 жылдың 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК, 2 651 теңге қолданылады.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында орналасқан «Электрондық сервистар» / «Калькуляторлар» бөлімінде «Көлік құралдары салығы бойынша есеп-қисабы» сервисі арқылы, e-Salyk мобильді қосымшасы, 2020 жылдың көлік салығының сомасын есептеуге болады.
eGov.kz порталында барлық салықтар мен міндетті төлемдерді ЭСҚ қол қою және авторизациялау қажеттілігінсіз бюджетке төлеуге арналған жаңа қызмет пайда болды. еGov.kz порталында төлеу үшін «Салықтар және қаржылар» - «Төлемдер» - «Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу» бөлігіне өту және «Онлайн төлеу» тетікшесін басып, қызметке тапсырыс беру қажет. Салық төлеушінің ЖСН/БСН, мемлекеттік кірістер органдарының атауы, төлем сомалары, бюджеттік сыныптама коды енгізілгеннен кейін, жүйе автоматты түрде салықтарды төлеу бөліміне өтуді ұсынады. Барлық рәсімдер аяқталғаннан кейін, төлем дерегін растайтын электрондық түбіртек ұсынылады.
Салықтарды төлеуді e-Salyk мобильді қосымшасы, Egov порталы, Қазпошта бөлімшесі, сондай-ақ ЕДБ мобильді қосымшасы (halyk, kaspi).
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы