Меню

Страницы

Статья

1 - кезең 2021 жылдан 1 қантардан бастап Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпыға бірдей декларациялау

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) (бұдан әрі-енгізу туралы Заң) қолданысқа енгізу туралы2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121 – VI Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап «жалпыға бірдей декларациялау»Салық кодексінің 71-тарауы қолданысқа енгізіледі.

Енгізу туралы Заңның 45-1-бабының негізінде жалпыға бірдей декларациялау кезең-кезеңімен енгізіледі.

Бірінші кезеңде – 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізу туралы Заңның 45-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру жылының 31 желтоқсанында мынадай жеке тұлғалар:

жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары) тапсырады;

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына (бұдан әрі-сайлау туралы Заң, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заң, Банктер туралы Заң, сақтандыру қызметі туралы Заң, бағалы қағаздар нарығы туралы Заң) сәйкес декларацияны табыс ету жөніндегі міндет жүктелген адамдардың.

Аталған санаттағы адамдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңның 27-бабында баяндалған 11-баптың 2-тармағының негізінде, сондай-ақ енгізу туралы Заңның 33-бабында баяндалған редакцияда қолданыстағы Салық кодексінің 363-бабының2-тармағына сәйкес салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегі де табыстары мен мүлкі туралы декларацияны (230.00 СЕН) табыс ететіні белгілі.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңның 27-бабында баяндалған 11-баптың 2-тармағының нормасы 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

Осылайша, жалпыға бірдей декларациялауды енгізуге және активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 СЕН) ұсынуға байланысты кірістер мен мүлік туралы декларацияны (230.00 СЕН) ұсыну жөніндегі талаптар 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатылады.

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Дата публикации
02 декабря 2020
Дата обновления
02 декабря 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы