Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жеке тұлғаларға салық бойынша салықтарды есептен шығару арқылы салықтық амнистия туралы еске салады.
Салық төлеушілердің назарына Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 шілдедегі Заңымен «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Заңы 57-5-баппен толықтырылды.
2019 жылға мүлік салығы мен жер салығын төлеу бойынша міндеттемелерді қоспағанда, 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін салық кезеңдері үшін құрылған мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша негізгі қарыз сомасын төлеу шартымен жеке тұлғалар үшін өсімпұлды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық жасау көзделген.
Жылдың соңына дейін әрбір азамат есептелген айыппұлдарды есептен шығару үшін осы акцияны пайдалана алады.
Жалғыз шарты, соңғы жылдардағы салық бойынша негізгі қарыз сомасын төлеу керек.
Есептен шығаруға 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында есепте тұрған өсімпұл сомасы, сондай-ақ төленген күнді қоса алғанда, оны төлеу күніне дейін осындай бересі сомасына есептелген өсімпұл сомасы жатады. Бұл ретте өсімпұл бересі төленген салықтың түрі бойынша есептен шығарылады.
Мемлекеттік кірістер органдары күнделікті жеке шоттар мәртебесін бақылайды және егер негізгі борыш төленсе, айыппұлдарды жою туралы шешім үш жұмыс күнінен кешіктірмей қабылданады.
Қарыз сомасы Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында: kgd.gov.kz немесе электрондық үкімет порталында табылуы мүмкін: e-gov.kz.
Салықтық рақымшылық жасау мерзімі – 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін.
Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірстер басқармасы