Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамытуды және ДБФ функциясы бар БКМ не үш компонентті интеграцияланған жүйені қолдануды ынталандыру мақсатында хабарлайды
ҮИЖ жеке кәсіпкерлердің салық міндеттемелерін есепке алуын және орындауын жеңілдетуге арналған
ҮИЖ-мен бірге оңайлатылған декларацияны қолданатын салық төлеушілердің бірқатар артықшылықтары бар..
Салық кодексінің 686-бабының 2-1-тармағымен және 687-бабымен патент немесе оңайлатылған декларация негізінде АСР қолданатын ЖК ЖТС-ны 60 000 теңге сомасына, бірақ 2019 жыл ішінде есептелген салық сомасынан 50% - дан аспайтын сомаға 2019 жыл ішінде сатып алынған ДБҚ функциясы бар бір БКМ құнына немесе 2019 жылғы 1 қаңтардан 2022 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде үш компонентті интеграцияланған жүйе құнына азайтуға құқылы екендігі көзделген.
Үш компонентті интеграцияланған жүйе бойынша ЖТС азайту осындай үш компонентті интеграцияланған жүйе орнатылған салық кезеңі үшін, сондай-ақ осындай сатып алудың салық кезеңінен кейінгі салық кезеңі үшін жүргізіледі.
Бұдан басқа, оңайлатылған декларация негізінде АСР қолданатын ЖК үшін қолма-қол ақшасыз төлемдерді ынталандыру мақсатында үш компонентті интеграцияланған ақпараттық жүйені міндетті түрде қолдана отырып жасалған қолма-қол ақшасыз айналымды 114 184 АЕК мөлшеріндегі ҚҚС бойынша шекке енгізбеу көзделген
Өз кезегінде, салық кодексінің 1-бабы 1-тармағының 72-1) тармақшасында ДБФ функциясы бар БКМ-дан, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден (құрылғыдан), сондай-ақ сауданы басқаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды және тауарларды есепке алуды автоматтандыру жүйесімен жарақтандырылған жабдықтан (құрылғыдан) немесе интеграцияланған жүйенің барлық үш компонентін алмастыратын бағдарламалық-аппараттық кешеннен тұратын үш құрауышты интеграцияланған жүйе белгіленген.
Үш компонентті интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану тәртібін мемлекеттік жоспарлау саласындағы орталық мемлекеттік органмен, байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және республика Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы