Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы хабарлайды:
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz және e-salyk сайтында орналасқан «Электрондық сервистар» / «Калькуляторлар» бөлімінде «Көлік құралдары салығы бойынша есеп-қисабы» сервисі арқылы 2020 жылдың көлік салығының сомасын есептеуге болады.
Салық кодексінің нормаларына сәйкес 2020 жылы жеке тұлғалар үшін көлік құралдарына салық төлеу мерзімі 2020 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей.
Электрондық түрде іске асырылған қызметтер, («электрондық үкімет» порталы, салық төлеуші кабинеті, мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері арқылы) тек электронды түрде көрсетіледі.
Электрондық түрде іске асырылмаған мемлекеттік қызметтер екі тәсілмен жүзеге асырылады:
1.«Электрондық үкімет» порталы арқылы өтініштерді беру сервисі арқылы.
Қызмет көрсету талонын алу үшін МКК http://kgd.gov.kz/ru/services/online-reservation сайтына немесе e-salyk мобильді қосымшасына кіру қажет. «Электрондық қызметтер» «Онлай брондау» бөліміне өз ЖСН енгізу және қызмет көрсету үшін нөмір туралы электрондық хабарлама алу және талон алу.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы