Ескерткіш датасы – 1980 ж.
Орналасқан жері: Қостанай қ., т/ж вокзалы аймағы
Тың және тыңайған жерлерді игеру оқиғаларын айғақтайтын тарихи ескерткіш. 1954 жылғы 28 ақпанда 10 сағат 50 минутта Қостанай бекетіне тың және тыңайған жерлерді игеру үшін Украинадан комсомолдар мен жастардың бірінші эшелоны келді.
1979 жылғы 27 қарашада Қостанай қалалық атқару комитеті «Алғашқы тың игерушілерді Қостанай қаласына жеткізген паровозға вокзал алаңында ескерткіш орнату туралы» шешім қабылдады. 1980 жылы 23 ақпанда бұл шешім іске асырылды. Паровоз Қостанай вокзалы жанындағы алаңда Қостанай жерінде көтерілген тыңның нышаны ретінде орнатылды.