Меню

Страницы

Статья

Кеңес Одағының Батыры И.Ф.Павловтың бейітіндегі ескерткіш (1922 – 1950 жж.)

Ескерткіш датасы –  1950 ж.

Орналасқан жері: Қостанай қ., Жеңіс саябағы

Иван Фомич Павлов 1922 жылы Қостанай ауданындағы Борис-Романовка ауылында туған. 1942 жылы И.Павлов Чкалов атындағы әскери-авиациялық училищені аяқтады. Ұлы Отан соғысы жылдары И.Павлов жауынгерлік тапсырмамен 250 рет әуеге көтерілген.

І дәрежелі «Отан соғысы» орденінің кавалері, екі рет Қызыл Ту орденінің иегері И.Павлов 1944 жылғы 4 ақпанда Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.

1945 жылғы 23 ақпанда КСРО Жоғары Кеңесі Президиумы коммунист И.Павловты екінші «Алтын жұлдыз» медалімен марапаттады.

Соғыс аяқталғаннан кейін Иван Павлов М.В. Фрунзе атындағы Әскери академияға оқуға жолданды, оны 1949 жылы табысты аяқтады. 

1950 жылғы 12 қазанда И. Павлов қызметтік міндеттерін орындау барысында мерт болды.

Қола мүсін тік бұрыш пішінді мәрмәр тастан жасалған тұғырға орнатылған. И.Ф.Павлов ҰОС уақытындағы ұшқыш киімінде бейнеленген. Тұғырының алдыңғы жағында мемориалды жазба бар: «Кеңес Одағының Екі мәрте батыры, гвардия майоры Павлов Иван Фомич (1922 – 1950 жж.)». Тұғырдың негізінде тікбұрыш пішінді граниттен жасалған плита.

Қабір басындағы плитаның көлемі - 0,6 м х 2м х 5 м. Тұғырының биіктігі – 1,5 м., мүсіннің биіктігі – 1 м. Материалы – қола, мәрмәр, гранит. 

Ескерткіштің авторы белгісіз.

Дата публикации
03 ноября 2020
Дата обновления
03 ноября 2020
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы