Ескерткіш датасы – 1958 ж.
Орналасқан жері: Қостанай қ., Нариман зираты, № 4388
Карачев Михаил Васильевич Удмурт АССР, Уметь-Гурт ауылында 1908 жылы дүниеге келді. 1941 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылды. 1944 жылы 26 маусымда Батыс Двина өзенінен өту кезінде М. Карачев дивизионмен байланыс орнатып, минометтерді жау шабуылына бағыттады. Келесі күні Петрачки ауылы маңында М.В.Карачевтің көмегімен 212-ші гвардиялық миномет дивизиясы жаудың ондаған танкін, өздігінен жүретін қаруларын, зеңбіректерін, пулеметтерінің көзін жойды.
1945 жылғы 24 наурызда КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының Жарлығымен М.В. Карачевке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
1945 жылғы қыркүйектен 1958 жылғы наурызға дейін Қостанай облысында тұрып, жұмыс істеген.
Құлпытасы мен ескерткіші табақты болаттан жасалған.