Меню

Страницы

Статья

Салық әмияны қызметі

Қостанай ​​қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, хабарлайды:

МКК порталының eSalyq мобильді қосымшасында салық әмиянының қызметі App Store жәнеPlay Market жарияланған. Салық әмиянының қызметіне қол жеткізу үшін ұялы азаматтардың деректер базасында тіркелуді қажет ететін ЭЦҚ немесе СМС кодын қолдану арқылы eSalyq қосымшасында тіркелу қажет. Мобильді қосымшада логинді ЖСН/пароль, жылдам кіру коды және биометрия арқылы теңшеуге болады (FaceID, TouchID).

Салық әмиянының механизмі бюджетке төлемдерді автоматты түрде жіберуге мүмкіндік береді. Жеке тұлғалар және жеке кәсіпкерлер Салық әмиянын толтыру арқылы балама салық төлеу мүмкіндігі бар. Қызмет салық төлеушілерге бюджеттегі ағымдағы және алдағы міндеттемелер туралы ақпарат береді. Салық әмиянынан ақша декларацияларды, есептеулерді, уәкілетті органдардан ақпаратты ұсыну кезінде салық міндеттемелері туындаған тиісті салықтарға автоматты түрде қосылады.   

Салық міндеттемелерінен пайда болған салықтардың есебіне Салық әмиянынан ақша алу туралы хабарлама қызметке автоматты түрде шығады. Барлық жасалған операциялар тарихын «Төлемдер мен салымдар тарихы» қойындысынан тексеруге болады. Салық әмиянынан қайтару қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Салық төлеушінің кобинеті» web-қосымшасы, (egov.kz) «электрондық үкімет» порталы, сондай-ақ eSalyq салық әмиянында «артық төлемді басқару» сервисі арқылы ұсынылған салық төлеушілердің салық өтініші негізінде жүзеге асырылады. 

«Салық әмиянының» eSalyqмобильді қосымшасын дамыту мақсатында келесі жұмыстар жүргізілді:

- азаматтардың мобильді базасымен интеграциясы нәтижесінде, Салық әмиянының сервисінде авторландыру SMS-пароль арқылы жүргізіледі;

- «Қазақстан Халық Банкі» АҚ картасын байланыстыру және төлемді Kaspi.kz қосымшасына аудару нәтижесінде Салық әмиянын толтыру процесі оңайлатылды;

- уәкілетті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін Мемлекеттік кірістер комитетінің «Интеграцияланған деректер базасы» ақпараттық жүйесімен интеграциялау нәтижесінде, мүлік салығы, жер салығы және көлік салығы бойынша салық салу объектілері бойынша деректерді қарау сервисі іске асырылды;

- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін бірыңғай жиынтық төлемді төлеудің қарапайым және ыңғайлы сервисі іске асырылды;

- салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің артық немесе қате төленген сомасын есепке алуға не бюджетпен қайтаруға өтініш беру үшін «Артық төлемді басқару» сервисі іске асырылды;

- Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетімен және «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ-пен бірлесіп көлік құралдары және жылжымайтын мүлік бойынша салық салу объектілерін коррекциялау функционалы іске асырылды, бұл салық төлеушілерге растайиын құжаттарды қоса бере отырып, электрондық өтінімдер беруге жіне оларды объектілер бойынша мәліметтерді өзектендіруге уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберуге мүмкіндік береді. 

2020 жылдың 4 тоқсанында заңды тұлғалар үшін салық әмиянының механизмін, атап айтқанда бірынғай деректемелер үшің төлеу және төлемді автоматтық есепке жатқызу, сондай-ақ жер учаскелері бойынша деректерді реттеу сервисін іске асыру және банктердің сервистерінде, e.gov, m.gov салық әмиянының сервистерін кеңейту жоспарлануда.

Салық әмиянының қызметі тек салық төлемдері үшін қарыздарды және алдағы төлемдерді автоматты түрде өтеуге арналғанын ескертеміз. eSalyq қосымшасындағы әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті төлеу «Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешектер туралы ақпарат» қызметінде жүзеге асырылады.

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Дата публикации
30 октября 2020
Дата обновления
30 октября 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы