«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 «Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесін, сондай-ақ Ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 14 қазандағы № 1006 бұйрығымен тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды енгізу мерзімдері мынадай түрде ауыстырылды:
2021 жылғы 1 наурыздан бастап:
этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің өндірісіне және айналымына;
мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруге және олардың айналымына;
темекі өнімдерін өндіруге және олардың айналымына;
Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларға;
Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарларға;
2021 жылғы 1 мамырдан бастап:
ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары және атауы ДСҰ тауарларының тізбесіне енгізілген және олар бойынша ЭШФ «Виртуалды қойма» модулі арқылы жазылатын тауарларға;
2021 жылғы 1 шілдеден бастап:
ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы ДСҰ тауарларының тізбесіне енгізілген тауарларға;
таңбалауға жататын тауарларға.
2020 жылғы 1 қарашадан бастап салық төлеушілерге арналған тауарларға, акцизделетін тауарларға (этил спирті, алкоголь өнімдері, бензин және дизель отыны, темекі өнімдері); ЕАЭО елдерінен импортталатын және экспортталатын тауарларға; ЭШФ Виртуалды қойма арқылы ресімделетін тауарларға (женіл автомобильдер, теледидарлар, тоңазытқыштар, шаңсорғыштар, фотокамералар, электрлікқыздыру кедергісі, дәрілік заттар, құрамында алтын бар өнімдер) алғашқы пилоттық жобаны іске қосу жоспарлануда.
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап ДСҰ тауарларын алу тізбесінен тауарлар пилоттық жобасының екінші кезеңі жоспарлануда.
Сондай –ақ ТІЖ ЕАЭО шеңберінде экспорттық-импорттық операциялар кезінде барлық тауарлар бойынша ресімдеуге жатады.
Пилоттық жобаны 2020 жылғы 1 қарашадан бастап іске қосу жоспарланып отыр және ТІЖ міндетті енгізу мерзіміне дейін қолданыста болады.
Пилоттық жоба кезеңінде ТІЖ ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаға қатысушылар « әкімшілік құқық бұзушылар тыралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 283-1 бабында көзделген әкімшілік жауаптылықтан босатылады.
Пилоттық жобаға қатысушылар ТІЖ ресімдеу тәртібін техникалық қолдауда электрондық мекенжайға жіберу арқылы пысықтау бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы esfsd@mgd.kz, «ТІЖ ресімдеу тәртібін пысықтау жөніндегі ұсыныстар» белгісімен.
ТІЖ «электрондық шот - фактуралар» ақпараттық жүйесі (Виртуалды қойма) арқылы ресімделеді.
Жобаның қатысушылары болып табылатын акцизделетін тауарларды өндіруші субъектілер мен өткізушілер үшін пилоттық жобаның қолданылу кезеңінде акцизделетін тауарлармен операциялар кезінде тауарларға арналған жүкқұжаттарды (ТІЖ) қоса беру ресімделеді.
Пилоттық жоба салық төлеушілерге ТІЖ-мен жұмыс істеуге бейімделуге, олардың есеп жүйелерін және жеткізушілер мен сатып алушылармен өзара әрекеттесуді орнатуға арналған.
Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы